17
Жексенбі,
Қараша

һижри

Алла тағаланы жақсы көрудің 10 деңгейі

Алла тағаланы жақсы көрудің 10 деңгейі

Иман келтіру

Алла Тағаланы жақсы көрудің он деңгейі бар:

Біріншісі: байлану, Жүректің Алла Тағалаға байлануы.

Екіншісі: қалау. Жүректің тек Алланы қалауы.

Үшіншісі: ұмтылу. Жүректің Аллаға ұмтылғаны соншалық, иесіне бағынбауы. Аллаға ұмтылған жүректің мысалы жоғарыдан төменге қарай сарқырап аққан суға ұқсайды.

Төртіншісі: ажырамау. Жақсы көрудің бұл деңгейінде Аллаға деген махаббат жүректен мүлдем ажырамайды.

Бесіншісі: шынайы махаббат. Махаббаттың мәйегі десе де болады.

Алтыншысы: құштарлық. Махаббаттың құштарлық деңгейіне жетуі. Имам Жүнәйд (Алла оны рақымына алсын) «Махаббаты құштарлық деңгейіне жеткен адам сатқындықтың өзін әділдік деп біледі» деген.

Жетіншісі: ғашықтық. Иесін адам ойына келмеген қауіп-қатерге жетелейтін шектен шыққан махаббат.

Сегізіншісі: ғашығының алдында өзін төмен санау. Сүйгеніне толық бағынып, дегенін орындау.

Тоғызыншысы: құлдық. Алланы бұл деңгейде жақсы көрген адам өз мүддесі үшін ешнәрсе де қалдырмайды.

Оныншысы: хуллә. Алланы шынайы жақсы көрген шын достарының махаббаты. Бұл ең жоғарғы деңгейге Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) мен Мұхаммед пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа ешкім жетпеген. Алланы осыншалық жақсы көрген жанның жүрегінде Алладан өзгеге ешқандай орын қалмайды.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: