Пенденің Қиямет күні ең алдымен есепке алынатын амалы – намаз.
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні адамдардың есепке алынатын ең басты амалы – намаз. Ұлы Раббымыз, (Өзі жақсы біліп тұрса да), періштелеріне: «Пендемнің намазына қараңдар! Толық па екен, кемшін бе екен?» – дейді. Егер толық болса, оған «толық» деп жазылады. Ал егер одан бір нәрсе кемшін болса, (Алла тағала): «Қараңдар! Пендемнің нәпілдері бар ма екен?» – дейді. Егер нәпілдері болса, «Пендемнің парыздарын нәпілдерімен толықтырыңдар!» – дейді. Содан соң (парыз) амалдардың (барлығы) осылай (есепке) алынады», – деген.
материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,
ummet.kz