Муаз ибн Жәбәл әңгімелейді: «Бір кісі: «Аллам, маған сабыр бере гөр!» – деп дұға жасап отырған-ды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгінің қасына келіп:
– Алладан басыңа бәле мен қиыншылық тілеп отырсың. Одан да деніңе саулық тілесеңші, – деді. Алла елшісі тағы бір күні: “Аллам, сенің барлық нығметтеріңді тілеймін”, – деп дұға етіп отырған біреуді көріп, оған да былайша ескерту жасады:
– Ей, адамзат! Сен барлық нығметтердің не екенін білесің бе өзі?
Әлгі кісі:
– Уа, Расулаллаһ! Бұлай дұға ету арқылы тұрмысымды оңдап алғым келеді және рухани жетілуімді ойлап отырмын, – деді. Пағамбарымыз:
– Жәннатқа кіру мен тозақтан құтылудың өзі үлкен нығмет қой, – деді оған.Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде:
«Ей, ұлы Аллам! Ей, сыйлығы мол Аллам!» – деп отырған біреуді көріп:
– Әрмен қарай жалғастыра бер. Алла бұл дұғаңды қабыл етеді, – деді».
Бәшир ибн Хасасияның әңгімесі: «Аллаһ расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Сені Рабиәтүл-Қашамнан Аллаһ елшісінің алдына әкеліп, иман нұрымен нұрландырған Аллаға мадақ, – дегенін естіп:
– Ей, Расулалла! Дұға етші, менің жанымды сенен бұрын алсын, – дедім. Алла елшісі:
– Мұндай дұғаны ешқашан, ешкімге тілемеймін, – деді»
материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,
ummet.kz