07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Дәреттің ақиретте мүминге тигізер септігі

Дәреттің ақиретте мүминге тигізер септігі

Иман келтіру

Ғибадаттың діңгегі – намаз. Ал, намаздың кілті – дәрет. Дәрет алу арқылы рух сергіп, жан сарайы Тәңірі жолдайтын жақсылықтарға айқара ашылады. Мәселен, денеге салқын су тигенде бойдағы күш-қуат артып, ерекше сергектік пайда болады. рух та тап сондай күш алып, Хақтан келетін игілік атаулыны қабылдауға бейім тұрады.

Дәл осындай ниетпен дәрет алу Мұхаммед пай- ғамбардың (с.а.с.) үмбетінің ақиретте ерекше ілтипатқа бөленуіне септігін тигізеді. Әбу Һурайра (р.а.) дәрет алғанда қолын иыққа дейін, аяғын тізеге дейін жуатын. Мұның себебін сұрағандарға ол Аллаһ елшісінің: «Қиямет күні үмбетімді шақырғанда, олар дәрет алған ағзалары жарқыраған күйде келеді. Сондықтан мүмкіндігі болғандар жарқырауын ұлғайтсын! (Мүс- лимнің басқа бір риуаятында: «Мүминнің әшекейі дәреттің жеткен жеріне дейін көтеріледі» делінген)»38, – дегенін естідім» дейтін. Басқа риуаятта Әбу Һурайра тақырыпты кеңінен тарата отырып баяндайды: «Аллаһ елшісі қабірстанға (Бақи-ул Ғарқад қабірстанында он мыңға жуық сахаба жерленген) барып: «Уа, мүминдердің өңірі, сәлем болсын сендерге! Иншаллаһ біз де сендердің қатарларыңа қосылатын боламыз. Діні бір бауырларымды қатты көргім келеді», – деді. Сонда сахабалар: «Біз сізге бауыр емеспіз бе, уа, Аллаһ елшісі!?», – деп сұрады. Бұл сұраққа пайғамбарымыз: «Сендер менің достарымсыңдар! Бауырларым әлі келе қойған жоқ», – деп жауап қатты. Сахабалар: 38 Бухари, Ууду 3; Мүслим, Тахарат 34, 35, 40; Нәсәи, Тахарат 110.

«Үмбетіңізден әлі келмегендерді қалай танитын бола- сыз, уа, Аллаһ елшісі!?», – дегенде, Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Қалай дерің бар ма? Қара торы көп жылқының ішінен аққасқа аттарын иесі түстеп тани алмаушы ма еді?», – деген сұрағына.: «Әрине ажыратады, уа, Аллаһ елшісі!», – деді сахабалар жарыса. Пайғамбарымыз: «Осы секілді олар да дәрет алған ағзалары жарқырап келетін болады. Мен хауыздың басына олардан бұрын жетемін. Байқаңыздар, кейбіреулер хауызымның ба- сынан адасқан түйе секілді жаппай қуылады. Мен оларды: «Бері келіңдер!», – деп шақырғанымда, маған: «Сен олардың сенен кейін не істегенін (бүлдіргенін) білмейсің ғой?!», – деп үн қататын болады. Сонда мен де: «Олай болса, аулақ кетсін! Аулақ кетсін!», – дейтін боламын»39, – деді. Уқба ибн Амир (р.а.) жеткізген хадисте дәреттің жаннатта аяқталатын серуеннің басы екені айтыла- ды: «Біз кезекпен түйе бағушы едік. Бір күні кезек маған келді. Кешқұрым түйелерді қырға айдап салып, қайтқанымда Аллаһ елшісіне (с.а.с.) соқтым. ол халыққа уағыз-насихат айтып тұр екен. Сөзінің соңында: «...кімде-кім жақсылап дәрет алып, ба- рынша беріліп екі рәкәғат намаз оқыса, оған жаннат уәжіп болады», – дегенін естіп қалдым. Мұны естіп қуанғанымнан: «Бұл неткен жақсы хабар!», – дедім. Сонда алдымда тұрған біреу: «Мұның алдында айтқаны тіпті жақсы болатын», – деді. «Кім екен?» деп жүзіне қарасам, Омар ибн Хаттаб екен. Ол сөзін әрі қарай жалғастырып: «Кімде-кім дәрет алса және мұны жақсылап орындаса, содан соң «Әшхәду ән лә 39 Мүслим, Таһарат, 39
Ла иләһә иллалаһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһу. (Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін). Уа, Аллаһ, мені тәубе етушілерден, тазарушылардан қыла гөр!», – десе, оған жаннаттың сегіз қақпасы да айқара ашылып, қалаған есігінен ішке енеді»40, – деді. Бұл деректерден намаздың басты шарты болған дәретті мұқият алудың маңызын және оның ақиретте пайғамбарымыздың үмбетін тануға мүмкіндік беретінін байқаймыз.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: