Көктер мен жердегі күллі қазыналардың Иесі болған аса Бай әрі Жомарт Алладан ғана адал ризық-несібе сұраймыз! Ол сұрағанды естиді, мұқтажды көреді, жалынғанға жауап береді!
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам ислам дінін қабылдаса, әрқашан дұрыстап намаз оқуды үйрететін және мына дұғаны айтуды талап ететін болған. «Я, Алла, мені кешір әрі рахым ет, сондай-ақ мені тура жолға шығар, сондай-ақ маған ризық бер!» /Аллаһумма, ғфир ли, уа-рхам-ни, уа-хди-ни, уа 'афи-ни уа-рзуқ-ни!» (Муслим).
Алла Тағала «Бақара» сүресінің 186-аятында: «Егер де сенен (Мұхаммед) құлдарым Мен туралы сұраса, Мен оларға жақынмын. Менен сұраушының сұрағанын беремін. Ендеше Менің әмірімді орындасын және Маған сенсін. Мүмкін олар дұрыс жолға түсер» деген.
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала Ұялшақ әрі Жомарт. Ол құлының созған қолдарын құр қай таруға ұялады», – деп айтқан (Әбу Дауд, Тирмизи). Келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір мұсылман Алладан күнәсіз күйде және ағайынмен араздаспастан дұға тілесе, Аллаһ оған үш нәрсенің бірін береді: сұрағанын береді немесе оны Қиямет күніне қалдырып қояды немесе сұрағанына тең келетін жамандықтан сақтайды», – деген.
Сонда сахабалар: «Олай болса дұғаны көбейтейік», – депті. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла одан да көп береді», – деп жауап берген (Тирмизи, Ахмад).
Олай болса, әр-Роззақ (Ризықты мол етіп беруші), әр-Роозиқ (Ризық беруші) болған Бір Алла Тағаладан ғана байлық, береке, ризық-несібе сұрайық. Ал төменде қабыл болу мүмкіндігі жоғары сүннетте келген дұғалар:
1. «Я, Алла! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені Өзің оңдап, маған есендік бер. Маған ризық-несібе бер, әрі мені жоғары (дәрежеге) көтер».
«Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәжбурни, уа’афини, уәрзуқни, уәрфә-’ни».
2. Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын ) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жиі айтатынын естіген:
«Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)
(Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)
3. «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!»
«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!»
4. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам ислам дінін қабылдаса, әрқашан дұрыстап намаз оқуды үйрететін және мына дұғаны айтуды талап ететін болған. «Иә Алла, кешір мені, маған рахым ет, сондай-ақ мені тура жолға шығар, сондай-ақ маған ризық бер!»
/Аллаһумма, ғфир ли, уа-рхам-ни, уа-хди-ни, уа 'афи-ни уа-рзуқ-ни!» (Муслим).
5. Бірде Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір бәдәуи келіп: «Маған мен қайталап отыратын сөздер үйретші», - деп сұрады, сонда ол оған: «Былай де: «Алладан басқа Құдай жоқ, Оның серігі жоқ, Алла Ұлы, Бүкіл Әлемнің Раббы Аллаға көп мақтаулар, Алла пәк! Құдіретті, Дана Алланың күш-қутына жететін ешкім жоқ!»
/Лә иләһә слла-Ллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, Аллаһу Акбар кабиран, Уәл-хамда ли-Ллаһи кәсирән уә сухана-Ллаһи, Роббиль ъаламина! Уә лә хәулә уә лә қуата иллә би-Лләһил-ъАзизиль-Хкими!/, - деді.
Бәдәуи: «Бұл – менің Раббым үшін, ал мен үшін ше?», - деді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Былай де: «Я, Алла, кешір мені, маған рақымшылық ет және мені дұрыс жолға алып шық, сондай-ақ маған өмір сүретін ризық бер!» /Аллаһумма, - ғфирли, уархамни, уахдини, уарзуқни!/, - де» деген(Муслим).
6. Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Я, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін.Я, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын.
«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи дини уә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузу биъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти».
7. Я, Алла! Расында мен уайым-қайғыдан,әлсіздіктен, жалқаулықтан, сараңдықтан, қорқақтықтан, қарызға батудан әрі адамдардың басымшылығынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.
«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-һәмми уәл-хәзәни, уәл-ъажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл».
ummet.kz