Намаз – кәлимадан кейін парыз болған ұлы ғибадат. Сондықтан да, Алласын танып, иман келтірген әрбір пенденің жүрегінде намазға деген құлшыныс бар. Құлшыныспен бірге күдікті ойлар қатар жүреді. Бұл сөзсіз – діннің емес, жынның ісі. «Намаз оқу уақытымды алатын секілді...» деп ойлаймыз көпшілігіміз. Шын мәнінде солай ма?
Намаз уақытты еш ысырап етпейді. Керісінше намаз күнделікті қым-қуыт тіршілік, алыс-беріс, барыс-келіс, оқу, жұмыс секілді мазасыздықтан адамды азат етеді. Сөйтіп, жанын тыныштыққа кенелтіп, жүрегіне сабыр тапқызады. Бүткіл дене мүшелерін демалдырып, қан айналымын қалыпқа түсіреді. Әрі әрбір күніңіз бес уақытқа бөлінгендіктен керісінше уақытыңызды үнемді пайдаланасыз. Белгілі бір жағдаймен намаз оқымай қалған адамдар «бұрын намазсыз қалай өмір сүргенімді түсінбеймін» деп жататындығы да осыдан болар... Әрбір екі ракат намаз үшін адамның бес минут қана уақыты кетеді. Бұл бес минутты қарапайым күндері әлеуметтік желілерге, бос әңгімеге жұмсап жүрміз ғой?!
ummet.kz