26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбандық не үшін және кім үшін шалынады?

Құрбандық не үшін және кім үшін шалынады?

Құрбан Айт
Жарнама

Кез-келген құрбан шалу, мейлі ол айт мейрамында шалынатын құрбандық болсын, мейлі бала туғанда сойылатын (ақиқа) құрбандық болсын, тек Алла Тағаланың разылығын көздеп, тек Алланың сауабынан үміт етіп жасалуы тиіс.

Себебі Құранда Алла Тағала: «Намазым, құрбандығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббысы – Алла үшін! Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен мұсылмандардың алғашқысымын!», - де», - деген. («Әнғам» сүресі, 162,163-аяттар)

Құрбан шалатын кездегі ниет – құрбандықтың негізгі шарты. Ғалымдар: «Ниет дұрыс болмаса құрбандық жарамсыз болады, өйткені мал тек ет үшін емес, Аллаға жақындау үшін ғана бауыздалған болуы тиіс», - дейді.

Саxаба Әли ибн Әбу Талиб Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Өзінен басқа нәрсе үшін құрбан шалған адамды лағынеттеді», - деп айтқанын жеткізген. (Муслим)

Яғни, егер құрбандық Алладан өзгенің разылығын мақсат тұтып сойылса – шариғат бойынша ол Алланың қарғысын шақыратын амал болады және Аллаға ортақ қосу күнәсіна жатады.

Құрбандық шалу ғибадатының маңызды болуының бір себебі – адам өз нәпсісін, яғни, мал-мүлікке деген махаббатын жеңіп, Алла разылығы үшін малын құрбан етеді. Ризықты беруші Алла болғандықтан, оны Алла жолында жұмсамау үлкен ағаттық болады.

ummet.kz

Бөлісу: