26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбандық шалуда зор қайыр бар

Құрбандық шалуда зор қайыр бар

Құрбан Айт
Жарнама

«Құрбандыққа шалатын ірі қара малды (әсіресе түйені) Аллаға құлшылық етулеріңнің бір себебі, әрі Алланың дінінің айқын нышандарының бірі қылдық. Онда сендер үшін діни һәм дүнияуи зор қайыр (жақсылық) бар.

Оларды құрбандыққа шалғанда тұрғызып қойып, Алланың атын атап бауыздаңдар. Бір жағына қарай жығылып жаны шыққаннан кейін етінен өздерің де жеңдер, ешкімнен қайыр тілемейтін қанағатшыл кедейлер мен қайыр садақа тілейтін жоқ-жітікке де жегізіңдер. Міне, осылайша (сөз әрі іс жүзінде) шүкіршілік етерсіңдер,  деп сол жануарларды сендерге бағынышты қылып, еріктеріңе бердік» («Хаж» сүресі, 36-аят).

«(Шындығына келсек), құрбандыққа шалынған малыңның еті де, қаны да әсте, Аллаға жетпейді, Оған сендерден жететін тек тақуалық қана. Міне, осылайша өздеріңді тура жолға салғаны үшін Алланы (сөз әрі іс жүзінде) ұлықтап, ұлылығын баршаға жар саларсыңдар деп, Хақ тағала сол жануарларды сендерге бағынышты етіп, еріктеріңе берді. (Уа, Мұхаммед!) Ендеше, Алланы көріп тұрғандай, яки жоқ дегенде, Алланың өзін көріп тұрғанын қаперінде ұстап, игі істер істейтін құлдарымды сүйіншілей бер» («Хаж» сүресі, 37-аят).

«Шүбәсіз, Алла иман еткендерді әрдайым қолдап, қорғайды. Шынында, Алла опасыз әрі рақметі жоқтардың ешқайсысын жақсы көрмейді» («Хаж» сүресі, 38-аят).

ummet.kz

Бөлісу: