26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Байлыққа жетудің 5 жолы

Байлыққа жетудің 5 жолы

Мақалалар
Жарнама

Байлыққа қол жеткізуге ұмтылу адамның қалауларына тән нәрсе. Егер мұсылман байлыққа рұқсат етілген адал жолдармен ұмтылып, жиған-тергенін рұқсат етілген адал істерде жұмсаса, онда тұрған айып жоқ. Сондықтан сіздерге байлыққа жетудің Құран Кәрім ұсынған 5 жолын ұсынамыз.

Біріншіден, мұсылман өзінің арқалаған күнә істері мен қателіктері үшін Алла Тағала алдында шынайы түрде өкіну қажет. Мұсылман адам күнәлары үшін тәубе ететін болса (Алла Тағаладан кешірім сұраса), оған осы дүниеде және ақыретте нығметтер берілуіне себеп болмақ. Оған дәлел ретінде, Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

...اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ إِنَّهُ كَانَ غَفَّارًا * يُرْسِلِ السَّمَاءَ عَلَيْكُم مِّدْرَارًا وَيُمْدِدْكُم بِأَمْوَالٍ وَبَنِينَ وَيَجْعَل لَّكُمْ جَنَّاتٍ وَيَجْعَل لَّكُمْ أَنْهَارًا

Мағынасы: «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол - өте жарылқаушы. Ол сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді. Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады»[1].

Екіншіен, Алладан шынайы түрде қорқу, яғни тақуа болу. Тақуалық – мұсылманның жүрегінде Алладан басқа ешкімге және ешнәрсеге орын жоқ дегенді білдіреді. Мұсылман Алладан басқа ешкімнен қорықпау керек, Аллаға ғана сыйынып, Алладан ғана медет тілеуі тиіс. Алла Тағала тақуалықты ақыреттегі мұсылманның ең жақсы жинаған азығы болатынын айтты. Сондай-ақ, тақуалық дүние тіршілігінің жемістеріне жеткізеді. Құран Кәрімде Алла Тағала:

...وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَل لَّهُ مَخْرَجًا * وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ...

(мағынасы) «Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған Алла ойламаған жерден ризық береді»[2], - деген.

Үшіншіден, Аллаға әр кезде шүкіршілік ету. Адам баласы Аллаға қаншалықты көп шүкірлік етсе, соншалықты Алла Тағала оған ризығын арттырып береді. Осы арқылы Алланың құлдарына деген Мейірімі мен Рақымы көрініс табады. Бұған дәлел:

وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكُمْ لَئِن شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ وَلَئِن كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ

Мағынасы: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты»[3].

Төртіншіден, мал-дүниені ізгі жолда сарп ету. Біз мал-дүниемізді адал істе, ізгі жолда жұмсайтын болсақ, Алла Тағала бізге берекеттің есіктерін айқара ашады. Ал, Алла жолындағы жұмсалған қаражат, сенің дүние-мүлкінді көбейтпесе азайтпайды. Құран Кәрімде:

قُلْ إِنَّ رَبِّي يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ لَهُ وَمَا أَنفَقْتُم مِّن شَيْءٍ فَهُوَ يُخْلِفُهُ وَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ

(мағынасы) «Рас, Раббым несібені құлдарынан кімге қаласа; кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол ризық берушілердің ең жақсысы де»[4], - деп келеді.

Бесіншіден, мұсылман адам неке қию арқылы адал жолмен отбасын құру керек. Мұсылман адам неке қиып, шаңырақ көтеретін болса, Алла Тағала оларды ризықтандырып, сансыз нығметтер береді. Бұл жайында Құранда:

وَأَنكِحُوا الْأَيَامَى مِنكُمْ وَالصَّالِحِينَ مِنْ عِبَادِكُمْ وَإِمَائِكُمْ إِن يَكُونُوا فُقَرَاءَ يُغْنِهِمُ اللَّهُ مِن فَضْلِهِ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ

(мағынасы) «Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші»[5] - делінген.

Аударған: Берікбол ЖАНАҚ


 

[1] «Нұх» сүресі, 10-12 аяттар.

[2] «Ат-Талақ» сүресі, 2-3 аяттар.

[3] «Ибрахим» сүресі,  7-аят.

4 «Сәбә» сүресі, 39-аят.

[5] «Нұр» сүресі, 32-аят.

Бөлісу: