25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мынандай жағдайларда ораза бұзылады

Мынандай жағдайларда ораза бұзылады

Мақалалар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтуасына сәйкес төмендегі жағдайларда ораза бұзылады:

- Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;

- Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;

- Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».

- Аузы берік бола тұра әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);

- Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу;

- Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады). Бұл мәселеге қатысты толық мағлұматты мына жерден оқи аласыздар.

ummet.kz

Бөлісу: