25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Себепсіз ауызын ашып жіберген кісі төлем төлейді деген шын ба?

Себепсіз ауызын ашып жіберген кісі төлем төлейді деген шын ба?

Сұрақ-Жауап

Ассаламу алейкум уа рахматулла! Рамазан айы құтты болсын! Рамазан айының оразасында себебсіз ауызын ашып жіберген адам төлем төлейді деп естідім. Сол шын ба?

Уа ғаләйкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Иә, рамазан айының оразасын себепсіз, әдейі ашып жіберген адам төлем төлейді. Бұны шариғатымызда кәффарат дейді. Шариғат кәффарат өтеу жолдарын реттік тәртіп бойынша әркімнің шама-шарқына қарай бекіткен.

Оразаны әдейі бұзған, яки себепсіз аузын ашып жіберген жағдайда алдымен құл азат ету, бұған шама жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстау, бұны орындауға шамасы жетпесе, 60 мұқтажды тамақтандыруын бұйырады.

Бұл жайында мынандай хадис бар. Әбу Һурайра:

«Бір кісі Пайғамбарға (ﷺ) келіп «Ей, Алланың елшісі (ﷺ), құрыдым!», - деді. Ол: «Сені не құртты?», - деп сұрады. Ол: «Рамазанда (күндіз) әйеліме жақындап қойдым», - деді. Ол (ﷺ): «Азат ететін құл таба аламысың?», - деді. Ол: «Жоқ», - деді. Ол (ﷺ) : «Екі ай бойы үзбей ораза ұстай аламысың?», - деді. Ол: «Жоқ», - деді. Ол (ﷺ): «Алпыс міскінді тамақтандыратын нәрсе таба аламысың?», - деп сұрады. Ол: «Жоқ», - деді. Сосын Алланың елшісі (ﷺ) біраз үндемей отырды. Сол уақытта оған біреу бір себет құрма әкелді. Пайғамбар (ﷺ) әлгі кісіге: «Мынаны садақа етіп тарат», - деді. Ол: «Бізден мұқтажырақ адам бар ма екен? Қаламыздың екі арасында орналасқан жұрттың ішінде бұл нәрсеге бізден мұқтажырақ отбасы жоқ шығар?», - деді. Мұны естіген Пайғамбар (ﷺ) жымиып, тіпті күрек тістері көрінді. Сосын оған: «Бар да, осы құрмамен отбасыңды тамақтандыр», - деді деген (Сахих Муслим:2/781).

Айта кетерлік жайт, аталған реттік тәртіп қатаң сақталуы сақталады. Яғни, екі ай қатарынан ораза ұстауға күш-қуаты, денсаулығы бар, шамасы жеткен кісі өзіне жеңілдетіп, келесі тәсілді қолдануы дұрыс емес. Шама жоқтығы нақты расталуы қажет. Сонда ғана келесі тәртіпті пайдалануға рұқсат етіледі.

ummet.kz

Бөлісу: