26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қалташадағы шай қатерлі ісікке шалдықтырады

Мақалалар
Жарнама

«Қалташадағы шай қатерлі ісік туғызады», «Қалташадағы шайдың құрамында адам ағзасына зиянды элементтер бар» дейді ғалымдар. Ақпараттың анық-қанығына химия ғылымдарының кандидаты Ақылбекова Тұрар Наурызбайқызы былай жауап береді.

Тұрар Наурызбайқызы бұл тұжырымдарды растады. Ол Химия ғылымдарының кандидаты, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология кафедрасының оқытушысы.

Шайдың тоңсаң бойыңды жылытатын, шөлдегенде шөліңді қандыратын, сергектік сыйлайтын қасиеттері бар. Сапалы түрлерін емдік шараларда жиі қолданады. «Алайда, қалташадағы шайлар өндірісте өте көп өзгерістерге ұшырайтындықтан, өзінің сапалық қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан онда табиғи дәм мен иіс болмайды. Ал, сіз бен біздің сезіп жүрген иісіміз — химиялық хошиістендіргіштер мен бояу. Олар адам ағзасына қатерлі ісік қаупін туғызады»,- дейді Тұрар Наурызбайқызы.

119

Тұрар Наурызбайқызы, Химия ғылымдарының кандидаты, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология кафедрасының оқытушысы.

– Қалташадағы шайлар ескірген шай қалдықтарынан жасалатындықтан, құрамында шаң-тозаң мен түрлі қоқсықтар кездеседі. Ол ағзада химиялық тұздардың түзілуіне себепші болады.

Сондай-ақ, қалташадағы шайдың құрамында фтор өте көп болады. Ол тіс эмалінің бұзылуына, сарғаюына, сүйектердің сынғыштығына әкеледі.

Кез келген шайдың құрамында кофеин мен танин кездеседі. Кофеин ой және дене күшін жақсарту үшін қолданылады. Алайда мөлшері көбейіп кетсе, ұйқысыздыққа душар етеді. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар кофеинді азайту үшін қалташадағы шайды жылы суға салып, суын төгіп, қайтадан демдеу керек.

Қалташадағы шайлардың сапалы қағазға оралуы маңызды. Жібек-қағаздан жасалған қаптамалар адам денсаулығына зиянды емес. Алайда, мұндай қаптамадағы шайлар қарапайым қағазға оралған шайлардан қарағанда қымбат болады. Көптеген компаниялар қаптама ретінде синтетикалық қағаздарды қолданады. Бұл да адам ағзасына зиян.

Қалташадағы шайдың сақтау мерзімі ұзақ. Ал көп сақталған шайдың құрамында бауырды зақымдайтын афлотоксин деген қауіпті зат болады.

2b272cbcd91c2d762fcb8261307d295e

Шайдың сапасын қалай тексереміз? Ол үшін қалташадағы шайды салқын суға салып көріңіз. Бояғыштар мен хошиістендіргіштер салқын суға да шыға береді. Түсі, дәмі, иісі тек ыстық суда шығатын шайлардың сапасы жоғары деген сөз.

Айта кетейік, шайды қалташаға орауды қытайлар ойлап тапқанымен, шай қалташалары тек 1952 жылы Липтон компаниясымен патенттелді. Вашингтон университетінің ғалымдары қалташадағы шайды зерттеу барысында күніне 5  кеседен артық  ішуге болмайды деген тұжырымға келген. Сондықтан, шайдың орнына су ішкен дұрыс.

halaldamu.kz

Бөлісу: