26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қияметтің он үлкен белгісі

Мақалалар
Жарнама

Ата дінін ардақтайтын әр мұсылман үшін иман қымбат. Ал иман - оның шарттарын жүрекке мықтап бекітпейінше толық болмасы белгілі. Халқымыз үшін дәстүрлі Ханафи мәзһабы ғұламаларының пікірі бойынша ақиретке иман келтіру – иманның басты тірегі. Ақирет күнінің уақыты Жаратқан иеміз Алла Тағалаға ғана мәлім. Дегенмен қиямет сағатының жақын қалғанын білдіретін белгілері бар. Бұл белгілерді пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ﴿ хадистерінде  айтып кеткен болатын.

Кәміл иманды мүмін әлемдегі тіршілік атаулының осы дүниедегі ғұмыры тұйықталар күннің боларына шүбәсіз иман келтіреді. Жалпы, Қияметтің орнауы жайлы Алла тарапынан түскен кітаптардың барлығында айтылған. Кең тараған ұғым болғандықтан, ешқандай діни негізі жоқ алып-қашпа әңгімелер де көп айтылады. Әсіресе, шетелдік басылымдарда қоғамға үрей салатын макалалар жиі жарық көруде. Соңғы кезде әсіресе, ғаламтор желілерінде «ақырзаман болады-мыс» дейтін ақпараттардың да тарап жүргені жасырын емес.

Алайда, асыл дініміздің бастау бұлағы саналар Құран мен Сүннетте Қияметтің қашан болатыны тек Аллаға ғана мәлім екені айтылған. Мысалы, «Нәмл» сүресінің 65-аятында: «Көктер мен жердегі көрместі Алладан басқа ешкім білмейді» делінеді. Ал қияметтің белгілері жайлы Құран аяттары мен Пайғамбарымыздан сахих тізбекпен жеткен хадистер жайлы Ислам ғұламаларының том-том кітаптары көп.

Дініне берік әр мұсылман Қияметтің белгілеріне ой жүгіртіп, пікір қылуы сауапты іс. Себебі, мұнда ақырғы күнге даярлық, Алла алдындағы сұрақ-жауапқа әзірлік, өлімді еске алу тәрізді дініміздің басты бұйрықтарына мойынсұнушылық жатыр. Ал Қиямет күніне  бейқамдық - мұсылман пенделерді иманнан алыстатып, тақуалықтан тосады һәм қиямет азабын ұмыттырады.

Қазіргі күнгі Қияметтің алдында өмір сүрудеміз. Әһли сүннет ғалымдарының басым көпшілігінің пікірінше Қияметтің кіші белгілі бүгінгі күні айналамызда болып жатыр.

Илаһи кітаптарда айтылғандай, қияметтің белгілері – кіші белгілер және үлкен белгілер деп екіге бөлінеді. Ол күн жайлы Алла Тағала Өзінің «Ағраф» сүресінің 187 аятында:

يَسْأَلُونَكَ عَنِ السَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَاهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ رَبِّي ۖ لَا يُجَلِّيهَا لِوَقْتِهَا إِلَّا هُوَ ۚ ثَقُلَتْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ لَا تَأْتِيكُمْ إِلَّا بَغْتَةً ۗ يَسْأَلُونَكَ كَأَنَّكَ حَفِيٌّ عَنْهَا ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ اللَّهِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ

«(Мұхаммед ﴾с.ғ.с.﴿!) Олар сенен Қияметтің қашан болатындығын сұрайды. «Шынында, оның мәліметі Раббымның қасында, Оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (Қиямет) сендерге кенеттен келеді», – де. Олар сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. «Шынында, оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді», – деп айт»

Тағы бір аятта:

يَسْأَلُكَ النَّاسُ عَنِ السَّاعَةِ ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِندَ اللَّهِ ۚ وَمَا يُدْرِيكَ لَعَلَّ السَّاعَةَ تَكُونُ قَرِيبًا

«(Мұхаммед ﴾с.ғ.с.﴿!) Адамдар сенен Қиямет мерзімін сұрайды. Оларға: «Оның білімі Алланың қасында: қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар», – деп айтқын», – дейді. («Ахзаб» сүресі, 63-аят.)

Мысалы: пайғамбарымыз Мұхаммед ﴾ﷺ﴿ Хузайфадан ﴾р.а.﴿ жеткен хадисінде:

عن حذيفة بن اسيد الغفاري قال: إطٌلَعَ النّبِى صَلّى الّله عَلَيْهِ وَ سَلم عَلَيْنا وَ نَحْنُ نَتَذَاكَرُ فَقَالَ مَا تَذَاكَرُون قَالُوا نَذْكُرُ السّاعَة قَلَ "إنّهَا لَنْ تَقُومُ حَتّى تَرَوْنَ قَبْلَ عَشْرَ آيَات"

«Біз жиналып Қиямет күнін еске алып отырғанымызда, Нәби (оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Сендер не мәселені талқылап отырсыңдар?»–деді.

- Қиямет күнін еске алып отырмыз.

- Сендер он белгіні көрмей Қиямет күні болмайды .[1]

Хадисте айтылған он белгі тәпсірші ғалымдардың пікірінше Қиямет күнінің жақындауының үлкен белгілеріне жатады.

Ал Қиямет күні жақындауының үлкен белгілерінің кіші белгілерінен ерекшелігі:

Осы уақытқа дейін үлкен белгілердің ешбірі болмады, болған жағдайда толассыз  бірінен соң бірі қатар келеді.

Көптеген хадис шәрифтерде Қияметтің он белгісі болатыны жайлы хабар берілген: Қияметтің үлкен белгілері үзіліп түскен моншақтай бірінің артынан бірі сау етіп келеді. Абдуллаһ ибн Амрден ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Алла елшісі ﴾ﷺ﴿:«Үлкен белгілер жібі үзілген моншақ сияқты төгіледі» десе, (Ахмад). Әбу Һурайрадан ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Пайғамбар ﴾ﷺ﴿: «Үлкен белгілер бірінің артынан бірі шығады. Олар тізбектегі моншақтардай бірінен кейін бірі келеді»,- деген.

Үлкен қияметтің алғашқы белгісі көп. Тоқталар болсақ, Мәһдидің шығуы, Хазреті Исаның көктен түсуі, Даббәтул ардтың келуі, Йәжуж және Мәжуж қауымының шығуы,  Дүниені түтін қаптайды, күн батыстан шығады, жер бетін оттың шарпуы, жерлердің шөгуі, Қағбаның құлатылуы үлкен он белгіге жатады.

Алла елшісі көптеген хадистерінде: «Баласы әкесіне қарсы шықпайынша, жаңбыр азаймайынша, жаман адамдар көбейіп, жақсылар азаймайынша, кішілер үлкендерге қарсы келмейінше, жақсылардың қарсысына жамандар шықпайынша қиямет болмайды»,-  деген болатын.

Иә, ғалымдар: «Қияметтің жақындау белгілері бұзықтық пен әдепсіздіктің жайылуы; көршілердің хақысының бұзылуы; туыстық қатынастардың үзілуі. Опасыздың сенімге ие болып, аманат жүктелген адамның қиянатқа баруы; білімнің жоғалуы (беделінің жоғалуы), сауатсыздықтың төрге шығуы, жезөкшеліктің жер жүзін қаптауы, арақ ішудің күнделікті әдетке айналуы, елу әйелге бір күйеу болатындай дәрежеде еркектердің санының азаюы қиямет белгілеріне жатады», - деген.

Үлкен қияметтің алғашқы белгісі Мәһдидің келуі. Хадистерде айтылғандай Мәһдимен бірге  қияметтің біраз кіші белгілері де қатар көрінеді.

1. Хазреті Мәхди келеді.

‏ ‏ قال رَسُولُ اللَّهِ ‏ ‏صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : لاَ تَقُوم السَّاعَة حَتَّى يَمْلِكُ رَجُل مِنْ أَهْلِ بَيْتِي يُوَاطِىءُ اِسْمُهُ اِسْمِي وَاِسْمُ أَبِيهِ اِسْم أَبِي يَمْلَأ الْأَرْض قِسْطاً وَعَدْلاً كَمَا مُلِئَت ظُلْمًا وَجَوْرًا - رواه ابن حبان

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Қиямет-қайым болмастан бұрын Алла Тағала менің ұлдарымнан есімі менің есімім, әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей болатын бір құлын жаратады. Одан бұрын дүниені зұлымдық қаптап, оның заманында дүние әділеттікке толады».

 ‏Тағы бір хадисте:

«Маһдидің төбесінде әрдайым бір бұлт қалқып жүреді. Бұлттан бір періште: «Бұл Маһди, оның сөзіне құлақ салыңдар!», - дейді», - деген. (Әбу Нуайм)

2. Дәжжал (Тәжал) шығады.

«Дәжжал» сөзі – өтірікші, алдампаз деген мағынаны білдіреді. Адамзат тарихындағы ең үлкен өтірікші осы Дәжжал болғандықтан, ол бұл есіммен аталған. Сондай-ақ оның Мәсих Дәжжал деген де аты бар. Ибн Әсир: «Оның «Мәсих» деп аталуы – көзінің сипалып, жабылып қалғандығынан, ал «Дәжжал» деп аталуы оның жалғаншы болғандығынан», – деген. Ал Исаның (аләйһис-сәләм) «Мәсих» деп аталуына келсек, ол адамдарды сипап, ауруларын жазатын. Хадис шәрифте былай делінген:

«Дәжжал шығып, өзінің тәңір екендігін айтады. Оның тәңірлігіне сенген адам кәпір болады» . 

 روى أحمد والترميذي والحاكم وابن ماجة عن أبي بكر الصديق رضي الله عنه؛ قال: حدثنا رسول الله(ص)، فقال:" إِنَّ الدَّجَّال يَخْرُجُ مِنْ أَرْضِ بِالْمَشْرِقِ، يُقَالُ لَهَا: خُرَسَان، يَتْبَعُهُ أَقْوَامٌ كَأَنَّ وُجُوهَهُمْ الْمَجَانَّ المُطْرَقَة ". وَأَوَّلُ ظُهُور أَمْرُه وَاِشْتِهَاره وَالله أَعْلَم يَكُونُ بَيْنَ الشَّام وَالْعِرَاق؛ فَفِي رِوَايَةِ مُسْلِم عَنْ نَوَاس بن سَمْعًان: " إِنَّهُ خَارِجٌ خَلَّةً بَيْنَ الشَّام وَالْعِرَاقْ

Дәжжалдың шығатын жері. Әбу Бәкірден ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Алла елшісі ﴾ﷺ﴿: «Шындығында, Дәжжал шығыстағы Хорасан деген жерден шығады» деген. Дәжжалдың ең әуелі қамтитын аумағы Шам мен Ирак арасы болады. (Анығы Аллаға аян!). Науас ибн Сәмъаннан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿: «Дәжжал Шам мен Ирактың арасындағы тастақты жерден шығады» деген.[2]

Дәжжалға еретіндер

روى أحمد ومسلم عن أنس بن مالك: أَنَّ الرَّسُولَ الله(ص) قَالَ: يَتْبَعُ الدَّجَّال مِنْ يَهُودِ أَصْبَهَان سَبْعُونَ أَلْفاً، عَلَيْهِمْ الطَّيَالِسَة 

1.Яһудилер. Әнәстан ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Пайғамбар ﴾ﷺ﴿: «Дәжжалға жетпіс мың яһуди ереді»,- деген. Яһудилердің сенімі бойынша, Алла тағала оларға Дәуіттің нәсіліне жататын бір патша жіберуді уәде еткен. Сондықтан, олар сол патшаны күтумен келеді. Патша оларға яһуди мемлекетін құрып береді. Олар оны өз кітаптарында «әл-Мисиях» деп атайды. Олардың діни рәсімдерінде арнайы дұғалар бар. Сол бойынша яһудилер Дәжжал тезірек шықса екен деп тілейді. Олар арнайы бір күнді «яһуди пасхасы» деп тойлап, ол күні ерекше дұғалар айтады

 أَخْبَرَنَا أَحْمَدُ، ثنا أَبُو عَامِرٍ، ثنا الْوَلِيدُ، ثنا أَبُو عَمْرٍو، عَنْ إِسْحَاقَ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي طَلْحَةَ، حَدَّثَنِي أَنَسٌ، رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: " لَيْسَ مِنْ بَلَدٍ إِلَّا سَيَطَؤُهُ الدَّجَّالُ إِلَّا مَكَّةَ وَالْمَدِينَةَ لَيْسَ نَقْبٌ مِنْ أَنْقَابِهَا إِلَّا عَلَيْهِ الْمَلَائِكَةُ صَافِّينَ تَحْرُسُهَا , فَيَنْزِلُ بِالسِّبْخَةِ فَتَرْجُفُ الْمَدِينَةَ ثَلَاثَ رَجَفَاتٍ يَخْرُجُ إِلَيْهِ مِنْهَا كُلُّ كَافِرٍ وَمُنَافِقٍ

2. Кәпірлер мен мұнафиқтар. Әнәс ибн Мәликтен ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Алла елшісі ﴾ﷺ﴿: «Мекке мен Мәдинадан басқа, Дәжжал аяқ баспаған бірде-бір қала қалмайды. Екі қаланың кіреберіс қапталында періштелер сап түзеп, қорғап тұрады. Сөйтіп (ДәжжалМәдинаның сыртындағы) сортаңға тоқтайды. Сонда Мәдина үш рет сілкінеді де, одан әрбір кәпір мен мұнафық (Дәжжалға еру үшін) қаладан шығады», деген.[3]

وَإِنَّ مِنْ الفِتْنَة أَنْ يَقُولُ اللأَعْرَابِيَّ : أَرَأَيْتَ إِنْ بَعَثْتُ لَكَ أَبَاكَ وَأُمَّكَ أَتَشْهَدُ أَنِّي رَبُّكَ ؟ فَيَقُولُ : نَعَمْ . فَيَتَمَثَّلُ لَهُ شَيَاطِينُهُ عَلَى صُورَةِ أَبِيهِ وَأُمِّهِ فَيَقُولانِ لَهُ : يَا بُنَيَّ اتَّبِعْهُ فَإِنَّهُ رَبُّكَ

3. Надан бәдәуилер. Әбу Умәмә әл-Бәһилиден ﴾р.а.﴿ жеткен хадисте Пайғамбар ﴾ﷺ﴿ былай деген: «Ол бір бәдәуиге: «Егер әке-шешеңді тірілтсем, менің Раббың екеніме сенесің бе?» дейді. Бәдәуи «Иә» деп жауап береді. Сонда, оның әке-шешесінің бейнесіне кірген екі шайтан оған келіп: «Балам оған ілес! Расында, ол сенің Раббың!» деп айтады,-[4] деген. 

3. Хазреті Иса көктен түседі.

Құран Кәрімде былай делінген:

وَقَوْلِهِمْ إِنَّا قَتَلْنَا الْمَسِيحَ عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ رَسُولَ اللَّهِ وَمَا قَتَلُوهُ وَمَا صَلَبُوهُ وَلَٰكِن شُبِّهَ لَهُمْ  وَإِنَّ الَّذِينَ اخْتَلَفُوا فِيهِ لَفِي شَكٍّ مِّنْهُ  مَا لَهُم بِهِ مِنْ عِلْمٍ إِلَّا اتِّبَاعَ الظَّنِّ  وَمَا قَتَلُوهُ يَقِينًا

«Алланың расулы Мәриям ұлы Исаны өлтірдік дегендері үшін яһудилерді лағнет еттік. Олар оны өлтірмеді де, аспады да. Өлтірілген адам олардың көздеріне Иса болып көрсетілді»[5].

بَل رَّفَعَهُ اللَّهُ إِلَيْهِ  وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا 

«Хазреті Иса көкке көтерілген»[6]. 

  وَإِنَّهُ لَعِلْمٌ لِلسَّاعَةِ فَلا تَمْتَرُنَّ بِهَا وَاتَّبِعُونِ هَذَا صِرَاطٌ مُسْتَقِيمٌ

«Әлбетте ол (Хазреті Исаның қияметке жақын көктен түсуі) қияметтің жақындағанын көрсететін белгі. Бұған күмәнданудан сақтаныңдар!» (Зухруф сүресі, 61-аят)

  Хадис шәрифтерде де былай делінген:

Сондай-ақ Әбу Һурайра ﴾р.а.﴿ риуаят еткен келесі бір хадисте Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿: «Сендерге Мәриямның  ұлы  әділ  басшы болып түседі. Крестерді сындырады, шошқаларды өлтіреді, жизияны жояды. Мал-дүниені жайына қалдырады, оған ешкім ұмтылмайтын болады. Дұшпандық, жеккөрушілік және қызғаныш жоғалады[7]», – деген. 

 «Он белгісі шықпай тұрып қиямет болмайды. Оның бірі Исаның көктен түсуі»[8]. 

4. Даббәтул ард шығады.

Бұл жайында хадис шәрифте былай хабар берілген:

«Даббәтул арз Мұса алейһиссаламның аса таяғын мұсылмандарға тигізгенде олардың маңдайында “Жәннаттық” деп жазылып, жүздері нұрланады. Ал кәпірлерді Сүлейман пайғамбардың мөрімен соққанда, олардың маңдайында “Жаһаннамдық” деп жазылып, жүздері қарайып кетеді».

وَإِذَا وَقَعَ الْقَوْلُ عَلَيْهِمْ أَخْرَجْنَا لَهُمْ دَابَّةً مِّنَ الْأَرْضِ تُكَلِّمُهُمْ أَنَّ النَّاسَ كَانُوا بِآيَاتِنَا لَا يُوقِنُونَ

Бұл жануар туралы Құран кәрімде де хабар білдірілген. (Нәмл 82)

5. Яжуж және Мәжуж қауымы шығады.

Құран Кәрімде былай делінеді:

حَتَّىٰٓ إِذَا فُتِحَتْ يَأْجُوجُ وَمَأْجُوجُ وَهُم مِّن كُلِّ حَدَبٍۢ يَنسِلُونَ، وَٱقْتَرَبَ ٱلْوَعْدُ ٱلْحَقُّ فَإِذَا هِىَ شَٰخِصَةٌ أَبْصَٰرُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يَٰوَيْلَنَا قَدْ كُنَّا فِى غَفْلَةٍۢ مِّنْ هَٰذَا بَلْ كُنَّا ظَٰلِمِينَ

«Яжуж-Мажуж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. Ол шын уәде (Қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып«Әттеген-ай! Біздің бұдан қаперсіз болғанымыз қандай өкініш! Негізінде, біз залым болған екенбіз», – деп айтады. (Әнбия сүресі, 96-97 аяттар)

 Хадис шәрифте де былай білдірілді: «Йәжуж бен мәжуж қауымы қияметтің алғашқы белгілерінің бірі болады». (Ибни Жәрир)

6. Дүниені түтін қаптайды.

Құран кәрімде:

فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُّبِينٍ

«Аспаннан түтін шығатын күнді күтіңдер делінген. (Духан сүресі, 10-аят)

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Түтіннің әсері мұсылмандарға тұмау секілді жеңіл, ал кәпірлерге өте ауыр тиеді». (Әбу Дауд)

7. Күн батыстан шығады.

Хадис шәрифте былай делінеді:

عَنْ أَبِي هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ الله صَلَّى الله وَسَلَّمَ: لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِهَا فَإِذَا طَلَعَتْ وَرَآهَا النَّاسُ آمَنُوا أَجْمَعُونَ وَذَلِكَ حِينَ لَا يَنْفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا ثُمَّ قَرَأَ الْآيَة

 «Күн батыстан тумай тұрып қиямет болмайды. Ол кезде барлық адамдар иман келтіреді. Алайда имандары өздеріне пайда бермейді»[9]. 

 يَوْمَ يَأْتِي بَعْضُ آيَاتِ رَبِّكَ لا يَنفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا لَمْ تَكُنْ آمَنَتْ مِنْ قَبْلُ أَوْ كَسَبَتْ فِي إِيمَانِهَا خَيْرً 

Құран кәрімде былай делінген:

«Раббыңның кейбір аяттары (белгілері) келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімінде бір қайыр істемеген адамның иманы ол күні пайда бермейді». (Әнғам сүресі, 158-аят).

Ғалымдар бұл аяттағы белгілердің бірі – күннің батыстан шығуы деп білдірген. Жоғарыдағы хадис шәрифте де мұны көрсетуде.

8. От шығады.

روى الشيخان عن أبي هريرة رضي الله عنه: أن رسول الله (ص) قال: لا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تَخْرُجَ نَارٌ مِنْ أَرْضِ الْحِجَازِ تُضِيءُ أَعْنَاقَ الْإِبِلِ بِبُصْرَى 

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Хижаздан шыққан от Басрадағы түйелердің мойындарын жарқыратады».[10] 

9. Жерлер шөгеді.

Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ бізге өз сөзінде қияметтің белгілерінен үш жерде жердің шөгуі болатынын білдірген

عَنْ حُذَيْفًة بن أسيد رَضِيَ الله عَنْهُ أَنَّ رَسُول الله صَلَّى الله عَلَيْهِ وسَلَّمَ قَالَ : «إِنَّهَا لَنْ تَقُومُ حَتَّى تَرُوا قَبْلًهَا عَشَرَ آيَات ، وَذَكَرَ مِنْهَا ثَلَاثَة خُسُوف : خَسْفٌ بِالْمَشْرِقِ ، وَخَسْفٌ بِالْمَغْرِبِ ، وَخَسْفٌ بِجَزِيرَةِ الْعَرَبِ»

Пайғамбарымыз ﴾ﷺ﴿ айтады: Сендер қияметтің он белгісін көрмей қиямет қайым болмайды депОның үшеуін«Шығыспен батыста және жәзиратул-арабта жердің шөгуібатуы көрінеді».[11] 

عَنْ أُمُّ سَلَمَة - رَضِيَ الله عَنْهَا - قَالَتْ : سَمِعْتُ رَسُولَ صَلَّى الله عَلَيْهِ وسَلَّمَ يَقُول : « سَيَكُونُ بَعْدِي خَسْفٌ بِالمَشْرِقِ وَخَسْفٌ بِالمَغْرِبِ وَخَسْفٌ فِي جَزِيرَةِ الْعَرَبِ " ، قُلْتُ : يَا رَسُول الله أَيَخْسِفُ بِالأَرْضِ وَفِيهَا الصَّالِحُونَ ؟ قَالَ لهَا رَسُول الله صَلَّى الله عَلَيْهِ وَسَلَّم : " إِذَا أَكْثَرَ أَهْلهَا الْخَبْ

Умму Сәләмадан тағы бір хадисте: Мен Пайғамбардан ﴾ﷺ﴿: Ол ﴾ﷺ﴿ «Мен өмірден өткеннен кейін үш жерде жер шөгуіболадыбіреуі шығыстаекіншісі батыстаүшіншісі араб жазирасында»-деді. Сонда мен: «Ей, Алланың Елшісі! Жер бетінде жақсы адамдар болсада жер шөге ме?» - деп сұрадым. Сонда Алланың елшісі ﴾ﷺ﴿: «Жер бетінде адамдардың көпшілігі бұзылса»- деді.[12]

10. Қағба құлатылады.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Қара нәсілді адам қағбаны құлатады. Дәл қазір оның қара қолдарымен Қағбаның тастарын біртіндеп бұзып жатқанын көріп тұрмын» .[13]

Алла елшісі (ﷺ) хадистерінде:

«Баласы әкесіне қарсы шықпайынша, жаңбыр азаймайынша, жаман адамдар көбейіп, жақсылар азаймайынша, кішілер үлкендерге қарсы келмейінше, жақсылардың қарсысына жамандар шықпайынша қиямет болмайды»[14]

«Қияметтің жақындау белгілері: бұзықтық пен әдепсіздіктің жайылуы; көршілердің хақысы өтелмеуі; туыстық қатынастардың үзілуі. Опасыздың сенімге ие болып, аманат жүктелген адамның қиянатқа баруы»[15]

«Білімнің жоғалуы (беделінің жоғалуы),

сауатсыздықтың төрге шығуы, жезөкшеліктің жер жүзін қаптауы, арақ ішудің күнделікті әдетке айналуы, елу әйелге бір күйеу болатындай дәрежеде еркектердің санының азаюы қиямет белгілеріне жатады»,− деген. [16]

Міне, осы хадистерде баяндалған қиямет белгілерін халқымыз:

Атаның тілін ұлы алмас,
Ананың тілін қызы алмас,
Айта беріп қайтейін,
Өлінің тілін тірі алмас.
Жақыннан шыққан жақсыны
Ағайын жұрты көре алмас.
Заман ақыр белгісі –
Бірге туған бауырың
Тату да болып жүре алмас; [17]

***

Ақыр заман адамы аласа туады,
Аласа болса да таласа туады,
Қулық-сұмдықты ойлай туады,
Жамандыққа бойлай туады;[18]

***

Деседі «асыл тастан, ақыл жастан»,
Өлмей ме жақсы адам жұрттан асқан.
Ұғыл-ата, қыз ананың тілін алмай,
Кез келдік сұм заманға қарсыласқан.[19]

***

Болғанда ақыр заман су тартылар,
Жігітке қарап тұрған қыз артылар, – деп сипаттайды. Міне, осы секілді мәліметтерді халқымыздың хадистерден алып үйренгенін жоғарыдағы өлең жолдарынан көруге болады.

Қазіргі таңда ақырзаман болады деп дүрлігіп жүрген қауымға айтарымыз ақырзаман болатыны ақиқат. Бірақ қай уақытта болатыны қашан болатыны бір Аллаға мәлім. Ақырзаман болады деп дүрлікпей, ақыретке қандай амалымызбен баратынымызды ойланғанымыз абзал сияқты. Хазреті Омар (р.а) халифа болып тұрған кезінде ел аралап жүріп қаланың шетінде жер қазып жатқан бір ақсақалға кезігеді. Халифа ақсақалдан:

- Ей ақсақал не істеп жатырсыз?- деп сұрайды.

Сонда ақсақал: - Жасым болса келген қарт адаммын, артымда ұрпағым жоқ. Мен өлгеннен кейін осы қабірге қояр деп өзіме қабір дайындап жатырмын - деп жауап береді.

 Сонда Хазіретті Омар:

- Ей ақсақал, сен өлгеннен кейін сені ешкім далаға тастамайды. Өзіңе қабір дайындағанша өзіңді қабірге дайында. Қияметте Алла тағаланың алдына қандай амалыңмен баратыныңды ойлағайсың, - деп жауап береді.

Әнәс (р.а) жеткен риуаятта:

«Бір адам пайғамбарымыз Мұхаммедтен ﴾ﷺ﴿:

Уа Расулалла қиямет қашан орнайды? - деп сұрайды Пайғамбарымыз Мұхаммед ﴾ﷺ﴿ әлгі адамға:

Сен қияметке не дайындадың деп сұрады.

Уа, Расулалла! Қияметке дайындаған ештеңем жоқ. Бірақ мен Алла мен оның елшісін жақсы көремін, - деді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед ﴾ﷺ﴿ сен кімді жақсы көрсең солармен бірге боласың деп жауап берді».

Иә, құрметті жамағат, бізде ақиретке қандай амалымызбен баратынымызды ойлайық. Пайғамбарымыздың келуінің өзі қияметтің белгілері болып табылады.

Сөз соңында айтарым, әлемдердің Раббысы Алла тағалаға мадақтар айтамыз, баршамызды Алла тағала қияметтің қиыншылығынан сол күні болатын уайым қайғыдан қабір азабынын тозақ отынан аман болып, жүзіміз жарқын, иманымыз кәміл, пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﴾ﷺ﴿ ақ туының астында «ләә иләһәә илалла» деп жұмаққа кіруімізді Алла тағала баршамызға нәсіп етсін.

Мақсат Алтыбай,
ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы
муфтият.кз
 

 


[1] Мүсілім, Науауи шархы, 18 том, 27 бет
[3] Китабу дажжал.
[4] Мүсілім 2944.
[5] «Ниса» сүресі, 157-аят.
[6] «Ниса» сүресі, 158-аят.
[7] Мүсілім риуаяты.
[8] Мүсілім,Әбу Дәуіт, Тирмизи, Ибн Мәжә, Нәсаи, И. Ахмед, Табарани, И. Хиббан, И. Жәрир
[9] Бұхари 1881, Мүсілім 2943.
[11] Мүсілім, 7/191
[12] Бұхари, Фитна кітабы 8/100
[13] Мүсілім 2901.
[14] Табарани Мұғжамул аусат 4/74
[15] Бұхари, Мүслим
[16] Сахих хадистер, 147-б, А.,2002.
[17] Шортанбай, 35-б.
[18] Нұржан, Алаш, 54-б.
[19] Бабалар сөзі, II, 107-б.
Бөлісу: