25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

99 жастағы түлек

Мақалалар
Жарнама

 Дорита Дэниэльс өзінің 99 жасында талай дүрбелең кезеңдерді, оның ішінде үлкен депрессияны, екі дүниежүзілік соғысты, қара нәсілділердің азаматтық құқығын қорғау қозғалысын басынан өткізген.

 Дегенмен жақында ғана өміріндегі ең үлкен, маңызды болған оқиғаның бірі ол 5 жыл бойы бар күш-жігерін салып бітірген университеті. Дорита оқуды 2009 жылы бастаған. Қарт ананы мұндай маңызды қадам жасауға құштарландырған магистрант немерелері екен. Оқу барысында жүргізуші куәлігін жоғалтып, бірнеше рет жүрек талмасына түссе де асқан табандылық танытып, сабақтарын жақсы көрсеткішпен бітірген. Диплом табысталған кезде Дорита сөз сөйлеп «Мен армандаған ісімді істедім, енді менің арманым орындалды»,-деді. Ұстаздары алғыстарын айтып: «Студент Дорита Дэниэльс оқуға бар күшін салды оған ауыр келетін пәндердің бірі компьютерлік сауаттылық еді, бірақ ол қиындықтарға қарамастан барлық кедергілерден өтті», - деп білімге деген құштарлығын ерекше атап өтті.

Жас түлектерге қандай кеңес бересіз деген сұраққа Дорита: «Ешқашан берілмеңдер, бастаған істі соңына шейін жеткізіңдер, біреудің сізге кедергі келтіруіне жол бермеңіздер»! – деп, жастарды жігерлендірді.

Білім – пайғамбарлардың мұрасы әрі баға жетпес игілік. Білім – жүректің өмірі, көздің нұры, рухтың шипасы, жанның рақаты. Білім – сөздерді, істерді, оқиғаларды өлшеуге болатын таразы. Білім арқылы адам Алланы таниды, құлшылығын бір Құдайға арнайды, Оны мадақтайды. Білімнің себебімен тура жол табылады. Білімнің көмегімен тыйым салынған мен рұқсат етілгенді анықтауға болады. Алла разы болатын немесе Алланы қаһарландыратын істер танылады. Діттеген мақсатқа оңай әрі дұрыс жетудің жолы көрсетіледі. Алла баршамыздың ілімге деген құштарлығымызды арттырып, онымен амал етуімізді нәсіп етсін.

 

Дайындаған: Әлменов Ерлан

Бөлісу: