25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мың айдан қайырлы Қадыр түні

Мақалалар
Жарнама

Сексен үш жыл, екі айға тең келетін бір түнді берген Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Қадыр түнін қанша айтсақта қадыры кетпек емес. Біз Қадыр түнін мың айдан қайырлы деп айтамыз да қоямыз. Шындығында оның мәні тереңде жатыр. Бұл түні жасалған құлшылық мың ай бойы тоқтаусыз, толассыз жасалған ғибадатпен тең.

Ал мың(әлаф) саны араб тілінде «өте-өте көп» деген мағынада қолданады. Аятта келген: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген сөз біз ойлаған мыңнан да артып, еселеніп жазылуы бек мүмкін.

Ислам ғалымдар Қадыр кешінде адам баласының бір жылдық тағдыры яғни өмірі мен өлімі, ризық-несібесі, бақытты немесе бақытсыз болуы жазылатынын айтқан. Олай болса өз тағдырыңызға өзіңіз себепкер болатын түн деген сөз. Бұл түні көктен жер бетіне періштелер түсіп, шын ықыласпен дұға қылған құлдарға «амин» деп қосылып, ақыретте бұл түнгі құлшылыққа куәлік береді.

Қасиетті Қадыр кешінің қадырын жоғалтпай Аллаға шынайы құлшылық қылған құлдардан болайық.

 

Қанат Қалымбет

Бөлісу: