25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жүректің тазалығы

Жүректің тазалығы

Мақалалар
Жарнама

Әсілі, дінімізде дене тазалығынан бөлек, адамның жан дүниесінің, яки жүрегінің тазалығына ерекше мән беріледі.

Жүректің тазалығын сақтаған мұсылман адам осы дүниеде, әрі ақыретте,  мәңгі өмірде тыныштық тауып, рахатқа бөленеді. Жүрек тазалығын сақтаудың бір түрі ол - көре алмаушылықтан сақ болу. Қандай да бір адамның бойында көре алмаушылық деген сипат бар болса, оны тек сол сипатқа ие болған адамнан басқа өзге ешкім біле алмауы мүмкін. Алайда, кімнің қандай ниетте екендігін Алла Тағала толық Білуші, Көруші. Өйткені, «Алла олардың сырларын біледі»[1]. Қайсыбір адам өзге бір дос-бауырының жетістігін қызғануы мүмкін. Тағы бірі әріптесінің артықшылықтарын көре алмауы ықтимал. Ал, енді сол араласып жүрген досы, не болмаса әріптесі әлгі қызғанып жүрген адам туралы өзіне қатысты шынайы түрде қуануда ма деп ойлайды.

Хадисте: «Сендердің бойларыңда (сендерге дейінгі) әуелгі үмметтердің  дерті көре алмаушылық пен ашу-ыза дендеп барады. Мұхаммедтің жаны уысында болған Алламен ант етемін, бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше кәміл иманда болмайсыңдар...»[2], - делінген. Шын мәнінде, адам баласын нығметке бөлейтін, оған берекет беретін ол - Жаратушы Алла Тағала. Көре алмайтын адамға одан пайдасы тимесе, келіп-кетер зияны болмайды. Көре алмаушылыққа бой алдырған адам осы нәрсені бір сәт болсын ойланып көрді ма екен?! Көре алмаушының қызғануы себебінен, Алланың адамға беретін нығметтері еш кемімейді. Керісінше, көре алмаушылық Алланың ашуына себеп болады. Өйткені, бұл жерде Алла Тағаланың Өзі қалаған құлына ризық беру ісіне, құдырет-күшіне қарсы шығу деген көрінісі анық байқалады.

Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Бір-біріңді жек көрмеңдер. Бір-біріңе көре алмаушылық жасамаңдар. Бір-біріңді алдамаңдар. Ей, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар...»[3], - деген. Көре алмаушылық адамның ішін өртейтін от, жасаған жақсылықтарын өшіретін дерт. Момын мұсылман өзге бауырына еш уақытта көре алмаушылық танытпайды. Керісінше, бар ықыласымен тілектес болып, оның сыртынан ол үшін «Йә, Аллам! Оларды (ныметке бөленгердерді) берекеттендіре гөр! Алланың қалағаны болады. Алладан басқа құдіретті-күшті (ешкім, ешнәрсе) жоқ»[4], деп, Алладан дұға тілеп, жақсылық қалайды.

Алла баршамызды көре алмаушылық деген жаман сипаттан сақтасын!

Дайындаған: Берікбол Мергенбайұлы


[1] Мұхаммад сүресі, 26-аят.

[2] Ахмад, Тирмизи.

[3] Бұхари, Мүслим.

[4] Арапша транскрипциясы: «Аллаһумма барик ләһум. Мә шә Аллаһ. Лә қууата иллә би-Лләһ».

Бөлісу: