08
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Бойымыздан табылмайтын Пайғамбардың (с.ғ.с) алты сипаты

Бойымыздан табылмайтын Пайғамбардың (с.ғ.с) алты сипаты

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ол кісіде (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) күнделікті орындалған жағдайлар өмір бақиға өнеге болатындай жасалған. Бізден кейін келетін ұрапаққа да осылай өнеге қалдырып кетуімізге үлкен мүмкіндік сылайтын осы теңдесіз тұлғаның іс әрекетін жасау ғана.

1. Бізде жоқ бірінші сипаты – Үмму Дәрда (Алла оған разы болсын) былай айтқан: «Әбу Дарда сөз айтқанда, міндетті түрде күлімсірейтін. Бір күні оған: «Адамдардың сені айыптаунан қорқамын!» дедім. Ол: «Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөз сөйлегенде міндетті түрде күлімсірейтін» - деді. Яғни пайғамбарымыз сирек күлетін, көбінесе күлімсірейтін болғанын түсінеміз. Ол кісінің ешқашан қарқылдап күлмегенін Айша анамыз былай айтады: «Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тамағындағы тілшігі көрінгенше қарқылдап күлгенін еш көрген емеспін. Ол тек қана тәбәссүм ететін» - дейді. (Бухари,Әде-68) Ол сахабаларының жүзіне ең көп күлімсіреп, күліп қарайтын адам еді. Мәулана Руми айтады: «Адамдардың қалай күлгенінен әдебін, не нәрсеге күлгенінен ақылын байқаймын» деген сөзін өзіңнен өткізіп көр.

2. Бізде жоқ екінші сипаты – Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) отыру әдебі жайлы болмақ. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тізесін бүгіп, молдас құрып, құбылаға қарап отыратын болған. Бізде кейде құбылаға аяқты жіберіп қойып отыратынмыз бар емес пе. Ол (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) отырған кезінде шапанымен аяқтарын, тізілерін жауып, қолмен үсті-басын түзеп қоятын. Қазіргі кезде көп кездесетін жағдай, намазхан жігіттердің арасында «бриджи» шалбар кию модаға айналып кеткен. Тағы да сонымен намаз оқитындарға риза боласың ғой, әуретің көрініп жатыр ғой десең главный тізеңді жапсаң болды емес пе деп шыға келеді. Бірақ проблема сенің санаңда болып тұр ғой. Өйткені Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) намазға олай тұрмағанын білесің ғой сен. Сол үшін пайғамбар олай жасамаған болса ол киіммен Алланың алдында пайғамбарыңның алдында тұрудан ұялғаның дұрыс. Пайғамбарымыз жерді тарылтып, біреуге қиындық келтірмеуі үшін көселіп отырмайтын болған. Мешітке барып қалсаң немесе қоғамдық кез-келген отыратын орындарда отыратын мекендерде орын таппай қалады, сол кезде біз болсақ бәрін сатып алғандай отыратынмыз бар орын бермей жасырын емес. Ол кісі тіпті жанына келіп отырған қонақтарға тонын төсеп беретін. Кейде қонақтарына өз көпшігін де беретін. Біз өз затымызды беруден алдын өзгенің берген дүниесін қызғанатын халге де жеттік. Қолдарын артына сүйкеп шалқайып отырмайтын, осылай отырмауларын сахабаларынада ескертетін.

3. Бізде жоқ үшінші ізгі амалы – көшеде қалай жүргеніне қатысты. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолда қалай жүретін. Ол кісі жолда жүргенде жан-жағына қарамай жеңіл әрі шапшаң жүретін. Яғни көшеде әркімнің малын дүниесін санамай жүрген ғой ол кісі. Жүргенде қадамын қысқа басатын, бірақ жылдам жүретін. Қадамын толық басатын, жылдам жүретін. Жанында жүргендер көбінесе қалып қоятын зорға ілесіп қатар жүретін. Бір нәрсеге немесе бір жаққа қарау керек болса, бүкіл денесімен бұрылатын.

4. Ол кісі (с.ғ.с) тамақты әдеппен ішіп жеуді тәрбиелегісі келеді. Бұл төртінші сипаттарының бірі. Дүниеге қызықпағандықтан тапқанын ішіп-жейтін және көпшілікпен бірге тамақтануға құмар болған. Қазір кейде бір үйде тұрып бірге ас ішпейтін отбасылар бар. Алдына ас келгенде жерге тізерлей отырып, (бисмиллә) айтып жейтін біздің көбіміз ұмытып кетеміз бисмилляны айтуды. Себебі бисмиллә айтып жемеген асқа шайтан үлескер болатынын ұмытпаңыз. Тамақты үш саусақпен, кейде төртінші саусағын да пайдаланып, әрқашан өзінің алдынан жейтін. Екі саусақен де жеуді ұнататын. Тамақ кезінде кейде пышақты қолданатын. Еленбеген арпа ұнынан жасалған нанды жейтін. Қиярды жаңа піскен құрмамен және тұзбен жегенді жақсы көретін. Жемістерден ең жақсы көретіні кептірілмеген құрма, қауын, қарбыз және жүзім еді. Кейде жаңа піскен құрма жейтін. Қарбызды шекермен, нанмен жейтін. Қауын қарбызды екі қолмен жейтін. Құрманы оң қолымен жеп, сол қолына сүйектерін жинайтын. Жүзімді кейде бауымен аузына апарып жеген кезі де болған. Тамағы көбінесе құрма мен судан тұратын. Ауланған құс етін жейтін, бірақ өзі  ауламайтын. Тамақтың жұғынын саусақтарымен жалап жейтін де: (Тамақтың соңы берекелі) дейтін. Саусақтарын жалап тазаламастан бұрын қолын майлықпен сүретпейтін. Тамақтың соңында игілік берген Алла Тағалаға шүкіршілік етіп, қолдарын жуатын. Су ішерде 3 реттен ішкенге зер салатын. Әрқайсысын бисмилләмен бастап, Аллаға мадақ айтып бітіретін. Өте тойып жемейтін және мұсылмандардың көп жеуін ұнатпайтын. Ешбір асты кемсітпейтін ұнаса жейтін, ұнамаса қоя салатын немесе қол созбайтын.

5. Біздің киімдегі мақсатымызбен ол кісінің мақсаты бөлек. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қарапайым киінуді жақсы көретін. Қарапайымдылыққа қатты ұмтылған. Біздің мақсатымыз кейді өзіміздің киіміміз арқылы қандай күшті адам екенімізді дәлелдегіміз келіп тұрады. Ол кісі киім киюде белгілі бір үлгіні ұстанбаған. Изар (Белден төмен жауып тұратын алжапқыш), рида (Иыққа іліп, жоғары жақты жауып тұратын киім) көйлек және шапанның қай түрін болса да не тапса кие берген. Жасыл түсті киімдерді ұнататын, бірақ, көбінесе ақ түсті киім киетін еді. Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) киімнің денеге пайдалысын әрі жеңіл түрін жөн көретін. Киімді мақтан үшін кимеу керектігін айтатын. Осы себебті өте сәнді киім кимейтін және ондайды киюге тиым салатын. Аяқ киімі сиырдың иленген терісінен жасалған сандал тәріздес болатын. Бауларын байлағанда, аяғын ұстап тұратын. Жұма күні үшін киетін екі киімі бар еді. Бұлар басқа күндері киетін киімінен бөлек еді.

6. Ең соңғы сипаты әжетханаға бару әдебін үйреткен. Қарасаңыз бүкіл нәрсені қамтып кеткенғой шіркін. Ешбір дінде мүлтіксіз бұндай тұлға жоқтығының дәлеліғой. Пайғамбарымыз егер айдалада болған кезінде, түзге шығуды қаласа, ешкім көрмейтін жерге кетіп қалатын. Қазіргі таңда бұндай жерлерге туалеттер жасалған. Кейбір шалғай жерлерді айтпағанда. Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әжетханаға кіргенде бас киімін жауып кірген. Шалбардың балағын түріп, қажетті жағдайларды айтпағанда сөйлемеу керек. Бізде кейбір адамдар телефонмен сөйлесіп отырады. Құдды екінші үй етіп алғандай. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әжетханаға кіргенде қолындағы сақинасын шешіп кіретін. Себебі сақинасында Мұхаммад Расулулла деген жазу бар еді. Бұл кез келген Құран аяты немесе хадис жазылған сөздермен әжетханаға кіруге болмайтынын нұсқауда. Әрі кірер кезінде сол аяғымен кіріп, оң аяғымен шығатын. Себебі оң аяғымен кірген адамға пайғамбарымыздың ескертуі. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім әжетханаға кірген кезінде сол аяғымен емес, оң аяғымен кірсе, кедейлікпен сыналады» - деген.

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: