25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бізге «Хауыздың басында кездесеміз» деген сөзіңіз демеу

Бізге «Хауыздың басында кездесеміз» деген сөзіңіз демеу

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Усайд ибн Худайр өте ақылды, зерек адам еді. Адамдармен сөйлескенде әзілдеп, езулеріне күлкі үйіртіп отырғанды жақсы көретін.

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оның бүйірінен мисуәкпен түртіп қалады. Усайд селк етіп:

– Ауырды ғой, - дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Қарымтасын қайтарып көр! - дейді.

– Сізде көйлек бар, менде жоқ, - дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көйлегін көтере бергенде Усайд қабырға тұсынан сүйіп алады да:

– Мен осыны қалап едім, Алла Елшісі! - дейді Усайд.

Осы сәттерде сізбен бірге өмір сүргенімізде ғой, Алла Елшісі (с.ғ.с)! Уахи түскенде сізді құшақтап, қиын күндерде өзіміз қолымызбен тамақтандырғанымызда ғой, шіркін!

Бізге сіздің «Хауыздың басында кездесеміз» деген сөзіңіз демеу болады...

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: