25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ғаріптер деп атаған кімдер?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ғаріптер деп атаған кімдер?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына былай деді:

«Дін бөтен болып келді, тура солай бөтен болып кетеді. Ғаріптер құтылды».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ғаріптер деп атаған кімдер?

Ақырет жақындағанда барлық нәрсе, адам табиғатына жат, адамгершілікке жатпайтын нәрселер, әдеттегі нәрселерге айналып қалады. Оларды жасамаған, істемеген діндарлар бөтен, бөлек, біртүрлі адамға айналып қалады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) соны меңзеген дейді ғұламалар.

Сырттай олармен бірге жүрсең де, бірге өмір кешіп жатсаң да жан-дүниеңнің өзгешелігі мен ойыңның басқалығы – ғаріптік. Сахабалар Меккеде құрайышпен араласып өмір сүрді. Алыс-беріс, сауда-саттық жасады, туысқандарымен барыс-келісі болды. Бірақ жүректерінде иман нұры болды. Оларды басқалардан бөтен қылып тұрған сол еді.

Ешкім дүниеден баз кеш деп тұрған жоқ. Өмір сүр, дүниені таны, танымыңды кеңейт. Бірақ иман нұрыңнан айырылма!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: