25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сені (с.ғ.с) көрмесек те жақсы көреміз, естімесек те құптаймыз

Сені (с.ғ.с) көрмесек те жақсы көреміз, естімесек те құптаймыз

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір құрма ағашының діңінің түбінде тұрып хұтба айтатын. Мінбер жасап беріп, мінберге шығып хұтба оқығанда құрманың діңі ыңырсып қоя береді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қасына барып, жұбатқандай болып құрма діңін сипағанда ыңырсығаны басыла қалады. Саған елжіреп тұратын жүректерді жұбататын қолың қайда? Қарағанда тынышталдыратын назарың қайда?

Естігенде бәрі жібіп кететін дауысың қайда, уа, Алла Елшісі (с.ғ.с)?!  Сені қалай жақсы көретінімізді білсең ғой, Алла Елшісі (с.ғ.с)!

Білсең ғой... Ағаш саған елжірегенде жүрегің жібіп барып тынышталдырдың. Ал біз ет пен сүйектен жаратылған адамбыз ғой, бізді қалай жұбататыныңды елестетсек өзімізді ұстай алмай қаламыз. Сені көрмесек те жақсы көреміз, естімесек те құптаймыз.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: