27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ ﷺ СҮЙІКТІ ТАҒАМДАРЫ

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла елшісі қарапайымдылығымен танылғандықтын, тамақтың көп түрін жемеген. Пайғамбарымызөз сөзінде: «Мен құлмын, құл секілді ішіп - жеймін», - дейтін.

Хазіреті Осман Пайғамбармызға«Палуз» деген тамақ ұсынды, жеп болған соң:

- Бұл қандай тамақ және қалай жасалады – деп сұрады.

- Уа, РасулАлла! Май мен балды табаға салып, шоқта ерітеміз. Содан соң, бидай ұнын себелеп, қатты болғанша арластырып пісіреміз. Міне өзіңіз жеп отырған халуа шығады - дейді.

Алла елшісі:

- Шынынымен, әдемі тамақ екен - дейді.

Жеміс жидектерден ең жақсы көретіні құрма, қауын, қарбыз, жүзім болатын.

Құрма жемісінің сүйектерін алып, сүтке салып ішкен кезінде: «Ең жақсы тағам», - дейтін.

Пайғамбарымзы асқабақты өте қатты жақсы көрген және мынадай кермет сөз қалдырған: «Ол - бауырым Юнустың көкөнісі», - деген. Айша анамыз: «Асқабақ – көңілді көтеретін жеміс», - деген.

Алла елшісі оларға қоса етті және ет қосылған тағамдарды ұнатып жейтін. Ауланған құс етін жақсы көретін, бірақ өзі ауламайтын.

Тамақ жегенде «биссмиләмен» бастап шүкіршілікпен бітіретін. Ас ішерде және болған соң қолдарын жуып: «Тамақатың берекесі ішерде және болған соң қол жуылуында», - деген.

Қолданылған әдебиттер:

Ибн Мәжә, «Атғима» 2/62,367.

 

 «ummet.kz» рухани – ақпарттық порталы.

Бөлісу: