25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылмандардың алғашқы қажылығы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Тоғызыншы жылы түскен аятта былай делінді:

-  Жағдайы келген барша мұсылмандарға Қағбаны зиярат ету парыз, - делініп, бұдан былай қажылық ғибадатының парыз болғандығы жарияланды.

 

Алладан келген бұйрыққа бойұсынып, шын жүрекпен Қағбаны зиярат етуді қалаған Пайғамбарлар падишасы мүшіріктердің қасиетті жерде жасаған қателіктерін есіне алып:

-  Бәйтулланы жалаңаш тауап етушілер бұл әдетін доғармайынша, мен қажылық міндетімді орындағым келмейді, - деді.

Жан жолдасы хазіреті Әбу Бәкірді жанына шақырып, қажылықтың басшысы ретінде тағайындап, Меккеге жіберді. Сахабалардан үш жүз қаралы топпен қасиетті мекенге алғаш сапарға шықты.

Пайғамбарымызға тағыда уахи келіп, Харам аймағын мекендеген мүшіріктер жайлы жаңа үкімдер түсті. Бұл жол Әбу бәкірдің артынан Хазіреті Алиді тапсырмамен жұмсады.

Арж елді мекенінде қажылық керуенін қуып жетті. Хазіреті Әбу бәкір оған қарап: Пайғамбарымыздың тапсырмасы қандай, - деді. Али қолындағы түскен аяттарды оның қолына ұстатып екеуі көшті бастап Меккені бетке алды.

Тауаптар жасалып, Сафа мен Мару сағилары орындалды. Арафада уақфа жасап, Мұздалифада қонақтап, соңында Минаға келді. Құрбан малдары сойылып. Жамраның жанына келгенде хазіреті Али сөз алып былай деді:

-  Ешбір кәпір жұмаққа кіре алмайды»!

-  Осы жылдан кейін ешбір мүшрік қажылық жасамайды!

-  Бұдан кейін Бәйтулланы ешкім жалаңаш тауап етпейді!

-  Бұдан былай ешбір мүшірік қорғауға да келісім де онымен жасалмайды. Өйткені Алла мен Расулы мүшіріктерді қорғамайды. 

Осы негіздерде Алла елшісінің қалауы орындалды. Сол күн үшін бұл айтылған жайттар пұтқа табыну түсінігінің, Харам аймағынан тұтастай аластатылғанын білдірді.

 

 

«ummet.kz» рухани ақпараттық порталы

Бөлісу: