25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тамағымнан оқ тиіп, жұмаққа кірейін

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Әбу Дайях(р.а) Пайғамбарымызға келіп, кәлима айтып, бұдан бұлай Алла елшісінің қасында болғысы келетінін білдірді.

 Алғашқы қамалдар алынып, қолға түскен олжалардың біразы үлестірілгеннен кейін оғанда үлес тиді. Ол: - бұл не? Деп сұрады. Алла елшісінің сен үшін олжадан бөлген үлесі, - деп жауап берді. Өзіне берілген бұл заттарға ренжіген Әбу Дайях Пайғамбармызғакеліп: сұқ саусағымен мойнын көрсетіп, мен сізге осы үшін иман келтірген жоқпын, тамағымнан оқ тиіп, жұмаққа кірейін деп келдім, сол үшін иман келтіріп, сізге ердім, -деді. Алла елшісі: егер сөзің рас болса, Алла да сені растайды,- деп жауап берді.

Жорықта тамағына оқ тиіп, шейіт болған бір кісіні Алла елшісінің алдына әкелген кезде: Бұл Әбу Дайях па? – деп сұрады. Сахабаны шейіт еткен оқ тамағына қадылыпты. Жағдайды көргендер: Иә, деді. 

Сонда Пайғамбарымыз :- Әбу Дайях рас айтыпты, Алла да айтқанын растады, деді. Сосын былай дұға етті: «Алла тағалам! Бұл сенің құлың әрі құлыңның баласы. Сенің жолыңда мұхажыр ретінде шықты жане шейіт болып, жан тапсырды! Оның куәсі менмін», -деді. 

 

Қанат Қалымбет

Бөлісу: