26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) қорға салған мүліктері

Пайғамбардың (с.ғ.с) қорға салған мүліктері

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Исламдағы алғашқы қор Ухудта шəһид болған яһуди ғалымы, əрі бай адам болған Мухайрықтың пайғамбарымызға тапсырылуын өсиет еткен, пайғамбарымыз қабылдап алып, қорға салған 1- Мисəб, 2- Сафийə, 3- Дəлал, 4- Хусна, 4- Бурқа, 5- Ауаф, 7- Мəшрабə деген жеті бақша болып табылады.

Пайғамбарымыздың Мəдинадағы қорлары жалпы Мухайрықтың заттарынан құралады. Ибн Хумəйд айтады: «Халифа Омар бин Абдулазиз Мухайрықтың қорға салған құрма бауларынан құрманың əкелінуін сұраған еді. Бір табақ құрма əкелінді.

Омар бин Абдулазиз: «Əбу Бəкір бин Хазм маған былай деп жазды: Бұл құрма Расулуллаһтың кезеңінен қалған құрма ағашынан жəне Расулуллаһ одан жейтін»,- деді дегенде «Ей мүминдердің əмірі! Мұны біздің арамызда үлестір»,- дедім. Үлестірді. Əрқайсымызға тоғыздан тиді. Омар бин Абдулазиз: «Мен Мəдина басшысы ретінде сол құрма бағына барған кезімде сол құрма ағашының құрмасынан жедім. Ол сияқты дəмді құрма жеген емеспін»,- деді. Амр бин Мұхажир айтады: «Расулулланың заттары Омар бин Абдулазиздің қасындағы бір бөлмеде тұратын, өзі күнде барып көріп тұратын. Құрайыштықтардан келіп, жиналғандарды да сол бөлмеге қойып, оларға қарап: «Міне, Аллаһтың сендерді өзі арқылы қадірлі еткен адамның мирасы» дейтін. Олар:

1. Бір дана құрма жапырақтарынан өрілген төсек,

2. Бір дана беті теріден жасалған, іші құрма талшықтарымен толтырылған жастық,

3. Бір дана үлкендеу қыш табақ,

4. Бір дана су кесесі,

5. Бір дана киім,

6. Бір дана қол диірмен,

7. Бір дана жебе сауыты,

8. Бір дана көрпе. Бұл көрпеге Расулулланың басының мүбəрəк тері сіңген, одан керемет хош иіс шығатын.

Омар бин Абдулазиз ауырған кезде соның суымен жуынып, шипа табатын. Омар бин Абдулазиз Мəдиналық табиин ғалымы, имам, фақиһ, мүжтəһид жəне сүннетті жақсы білетін адам болған. Анасы - Умму Асым бинти Асым бин Омар бин Хаттаб еді. Ол əділдік пен тақуалықта үлгі адам болған.

Имам Шафии: «Хулəфа-и рашидин бесеу: 1) Əбу Бəкір, 2) Омар, 3) Осман, 4) Əли, 5) Омар бин Абдулазиз» (радиаллаһу анһум) дейтін. Омар бин Абдулазиз əділдікте хазреті Омардың, тақуалықта Хасанул Басридің, ілімде имам Зухридің жолын ұстанған.

материал «Хазреті Мұхаммед алейһиссаламның өмірі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: