Әбу Дайях(р.а) Пайғамбарымызға ﷺ келіп, кәлима айтып, бұдан бұлай Алла елшісінің қасында болғысы келетінін білдірді.
Алғашқы қамалдар алынып, қолға түскен олжалардың біразы үлестірілгеннен кейін оғанда үлес тиді. Ол: - бұл не? Деп сұрады. Алла елшісінің сен үшін олжадан бөлген үлесі, - деп жауап берді. Өзіне берілген бұл заттарға ренжіген Әбу Дайях Пайғамбармызғаﷺкеліп: сұқ саусағымен мойнын көрсетіп, мен сізге осы үшін иман келтірген жоқпын, тамағымнан оқ тиіп, жұмаққа кірейін деп келдім, сол үшін иман келтіріп, сізге ердім, -деді. Алла елшісі: егер сөзің рас болса, Алла да сені растайды,- деп жауап берді.
Жорықта тамағына оқ тиіп, шейіт болған бір кісіні Алла елшісінің алдына әкелген кезде: Бұл Әбу Дайях па? – деп сұрады. Сахабаны шейіт еткен оқ тамағына қадылыпты. Жағдайды көргендер: Иә, деді.
Сонда Пайғамбарымызﷺ :- Әбу Дайях рас айтыпты, Алла да айтқанын растады, деді. Сосын былай дұға етті: «Алла тағалам! Бұл сенің құлың әрі құлыңның баласы. Сенің жолыңда мұхажыр ретінде шықты жане шейіт болып, жан тапсырды! Оның куәсі менмін», -деді.
Қанат Қалымбет