25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ораза кімдерге парыз?

Ораза

Ислам дінінде ораза ұстау кейбір шарттарға тәуелді. Енді соларға кішкене тоқтала кетейік.

Мұсылман болу. Мұсылман емес кісілерге ораза парыз емес. Өйткені ораза ұстау үшін мұсылман болу қажет.

Балиғатқа толу және ақыл-есі түзу болу. Ислам дінінде балиғатқа толмаған кішкентай балалар яки балиғатқа толған күннің өзінде ақыл-есі кем адамдар ораза ұстауға міндетті емес. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.а.с): رفع القلم عن ثلاثة عن النائم حتى يستيقظ، وعن الصبي حتى يبلغ، وعن المجنون حتى يعقل «Үш адамға қалам жазылмайды: балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жеткен адамға,»[1]–деген.

Ниет ете алмағандығы үшін ақыл-есі кем, талып қалған және мас адамның оразалары жарамсыз болып саналады. Егер бір кісі Рамазан айы бойынша талмасы ұстаса, кейін ұстамаған күндерінің қазасын тегіс өтейді. Ал ақыл-есі дұрыс емес кісі Рамазан айының ішінде түзелсе, ұстай алмаған күндерінің қазасын өтейді. Рамазан айы бойынша ақыл-есі дұрыс болмаған кісінің оразаларының қазасын өтеуі қажет емес.

Балиғат жасына толмаған балаларға бойларын біртіндеп үйрету үшін анда-санда болса да ораза ұстатқызуға болады. Пайғамбарымыз (с.а.с) жеті жастан он жасқа дейін балаларды намазға үйретуге шақырған. Баланың денсаулығы мен шыдамдылығына қарай 8-9 жастан бастап үйрете берген жөн


[1] Бухари «Худуд 22»; Абу Дауд «Худуд 17»; Тирмизи «Худуд 1»

 

Бөлісу: