25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қадір түнінде мына амалдарды орындаған абзал

Қадір түнінде мына амалдарды орындаған абзал

Ораза

Қадір түні мына төмендегі нәрселерді орындау мустахаб болады: 

Намаз оқу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім Қадір түнін иманмен және сауап тілеп, (намазда) тұрумен өткізсе, өткен күнәлары кешіріледі»[1], – дейді.

Дұға жасау. Айша анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен қадір түніне сәкес келіп жатсам не деп дұға етейін?» – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда былай дейді: «Аллаһуммә иннәкә афуун тухиббул-афуә фағфу әнни (Аллаһым! Сен кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің. Менің күнәларымды кеш)» – деп айт»[2].

Сонымен қатар, Құран оқу, Алланы зікір ету, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, садақа беру т.б. ізгі амалдарды істеген жақсы болады.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: