25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қадір түнінде ұйықтап қалмауға 5 лайфхак

Қадір түнінде ұйықтап қалмауға 5 лайфхак

Ораза

Бүгін, яғни мамырдың 8-нен 9-ына қараған түні күн батқан уақытта қасиетті Қадір түні кіреді. Жылына бір рет келетін мүбәрак түнде ұйықтап қалмас үшін мына кеңестерге назар салайық:

Күндіз 1 сағат болсын демалып алыңыз. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де күш береді;

Жоспар жасаңыз. Сағаттарды бөліңіз. Қай сағатта немен айналысасыз.

Дұға. Тілек. Не айтарыңызды білмесеңіз кітапша алып алыңыз. Қзіңізге, жақындарыңызға не қалайсыз? Бәрін сұраңыз.

Дәрет жаңартып отыру. Салқындау су болса тіпті жақсы (бетіңізді жуғанға)

Амалдарды ауыстырып отыру. Отырып жасалатын амалдан соң жүретін амал жасау дегендей. Мысалы, Құранды отырып оқысаңыз, одан соң дәрет жаңартып намаз оқыңз. Одан соң жүріп-жүріп уағыз тыңдаңыз.

Қасыңызға құрбыларыңызды шақырыңыз. Бірге болсаңыздар ұйықтап қалмайсыздар. (құлшылықта бірге болатын жандарды шақырыңыз, балаңыз, енеңіз, келініңіз, т.б)

Ескерту: хайыз уақытындағы әйелдер, сіздер де бос өткізіп алмаңыздар. Құранды арабша оқуға болмаса да тыңдауға, мағынасын оқуға рұқсат. Намаз оқуға болмаса да, жайнамазда отырып дұға етуге, зікірлерді айтуға рұқсат. Имани кітаптарды оқуға рұқсат.

ummet.kz

Бөлісу: