25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Оразада ер адамның әйеліне қызығушылықпен қарауы

Оразада ер адамның әйеліне қызығушылықпен қарауы

Ораза

Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі:

«Бір кісі Пайғамбарымыздан (оған Алланың селімі мен игілігі болсын) «оразалы адамға әйелін құшақтауға рұқсат па» деп сұрағанда, ол рұқсат берді; ал басқа адам келіп сұрағанда, тыйым салды. Оның рұқсат бергені кәрі болса, тыйым салғаны жас кісі еді. (Әбу Дәуд)  

Пайғамбарымыз (оған Алланың селімі мен игілігі болсын) ораза кезінде өз әйелдерін құшақтап, сүюші еді: Айшадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі: «Ораза кезінде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгендеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын» (Бухари, Муслим).

Шейх Ахмад Кутты (Торонто Ислам Университетінің бас лекторы) былай дейді: «Құшақтау жеке дара оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың селімі мен игілігі болсын) ораза кезінде әйелдерін құшақтап, сүйгені жайлы деректер келеді. Сол сияқты, Пайғамбардан (оған Алланың селімі мен игілігі болсын) бір адам «Әйелімді ораза кезінде сүйсем бола ма?» деп сұрағанда «Йә» деді. Құшақтау - сүюге ұқсас. Алайда, өздеріңді-өздерің ұстай алмайтын болсаңыздар, мұндай істерден сақ болуларыңыз керек, өйткені мұсылман адам оразасын бұзатын нәрселердің барлығынан қашық жүруі тиіс. Сол себептен, біз бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) басқа кісіге әйелін сүюге тыйым салғанын көреміз. Екі риуаят арасындағы қайшылықты түсіндіре келе, Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Оның рұқсат бергені кәрі, ал тыйым салғаны жас кісі еді.» Сондықтан, өзіңді ұстай алмайтыныңда қандай да бір қорқыныш не күмән болса, оразаңды сақтап қалу үшін мұндай әрекеттердің барлығынан алшақ жүруің керек. Айша анамыздың сахабалардан былай деп сұрағанының себебі де осы: «Қайсыбірің өздеріңді Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) секілді ұстай аласыңдар?»

Егер ер кісіде әйелін құшақтағаннан ұрығы шықса, ғалымдардың пікірінше оразасы бұзылады. Егер ер кісіде әйеліне қарағаннан ұрығы шықса, оның оразасы бұзылмайды. Саид Жәбир (Алла оған разы болсын): «Әйеліне қарағаннан (жыныс суы) бөлінген адам оразасын жалғастыра беру керек.» (Бухари)  Ескерту: Өзін ұстай алмайтын адам әйелін сүйіп, аймалауы – мәкрүһ. Өзіне сенімді болса, мәкрүһ емес. Өздеріне сенсін-сенбесін жалаңаш күйде құшақтап, аймаласу – мәкрүһ. Еріндерінен сүю де солай.

материал «Ораза» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: