25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тақуа әйелдердің ораза үшін ыстық күндерді таңдауы

Тақуа әйелдердің ораза үшін ыстық күндерді таңдауы

Ораза

Әл-Қасим ибн Мухаммад  мүминдердің анасы Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) қатты ыстық күні ораза ұстағаны туралы риуаят жектізеді.

Ол кісіден Айша анамыздың неге бұлай жасайтындығы жайлы сұрағанда, «Ол тірі күндерінің пайдасын ажал сәті тумай тұрып алған еді» деп жауап берді. Кейбір тақуа әйелдер ораза ұстауға қатты ыстық күндерді таңдайтын еді. Оның себебін «Егер оның құны арзан болғанда, әркім оған қол жеткізе алушы еді» деп түсіндіретін. Яғни, олардың (әйелдердің) мақсаты кез келген адамның шамасы жете бермейтін амалдарды орындау арқылы Алланың алдында өздерінің шынайы ықыластарын көрсету еді.

 

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: