27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Ауыз ашуға асығуға бола ма?

Ауыз ашуға асығуға бола ма?

Ораза

Құдси хадисте:

«Менің ең жақсы көретін құлдарым – ауыз ашуға асыққандар», – делінсе (Тирмизи), басқа бір хадисте: «Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын жақсылықта болады», – делінген (Мүслим). Сондықтан ауыз ашуға асығу дінімізде мұстахаб амалға жатады. Имам Шафиғи бір сөзінде: «Күннің батқандығы анық білінгеннен кейін ауыз ашуды кешіктіріп, өзінің осы әрекетін абзал көрген адам, хадистерге қайшы амал жасағандықтан, онысы мәкрүһ болмақ. Түнде ораза ұстау дұрыс емес. Ал кешіктіруді абзал деп ойламаса (жағдайға байланысты ауызашарды Рамазан оразасына қатысты 10 кешіктірсе), ағаттығы жоқ», – деген (Имам Шафиғи, «Әл Умм»). Дегенмен ауызашарды кешіктірген адамның оразасы дұрыс саналады. Сонымен қатар ауызашар уақыты кіргенде жол жүрсе, бір жұтым сумен не бір түйір құрмамен болса да кешіктірмей ашқаны жөн.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: