26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Оразаға қабілетті қылатын хал-жағдай

Оразаға қабілетті қылатын хал-жағдай

Ораза

Оразаға қабілетті қылатын хал-жағдай екі топқа бөлінеді.

Біріншісі: денсаулық пен тұрақтылық. Себебі, ораза айында мұсылманның науқас не жолаушы болуы оны оразаның қиындығын көтеруге қабілетсіз етеді. Бұл оразаны жеңілдету мақсатын көздейді.

Екіншісі: әйел кісінің етеккір не нифас күйде болмауы. Бұл күйдің әйел кісіні оразаға қабілетсіз ету себебі, ол етеккір не нифас күндері, мерзімі аяқталмайынша ғұсылмен тазара алмайтын, шариғат ілімі ғана қамтыған бойдәретсіздіктің ерекше халін кешеді.

Шариғатта науқасқа ауырған күндері, ал жолаушыға сапар күндері рамазан оразасын ұстамауларына жеңілдік жасалады. Ол екеуі жағдайлары оңалғанда ұстамаған күндерінің қазасын парыз үкімінде өтейді. Бұл үкімді Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ал, кім науқас не сапарда болса, санын басқа күндері толтырсын» деп баяндаған.

материал «Ислам ғибадаты» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: