Сұрақ: Рамазан оразасы қашан парыз болды?
Жауап: Рамазан Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға һижрат еткеннен кейін һижри екінші жылы, шағбан айының бірінші дүйсенбісінде парыз болды. Бұл маңызды оқиғаның болуы миләди жыл санағымен 623 жылдың 7 ақпанына сәйкес келеді. Осыдан бастап соң мұсылмандар Рамазан айында парыз оразаны ұстай бастады. Айта кетерлік жайт, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) оразаны тоғыз жыл ұстаған болатын.
Абдуссамад Махат, «Рамазан оразасы – сұрақ және жауап»,
ummet.kz