26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазанның соңғы 10 күніне керемет 3 кеңес

Рамазанның соңғы 10 күніне керемет 3 кеңес

Ораза

Ең соңғы күнге дейін, сағатқа, тіпті минутқа дейін Алла Тағаладан жүрегімізді мазалаған уайымымызды жеңілдет деп, Өзіне апарар жолды көрсетуін, күнәмізді кешіріп, жақындарымызды Жәннатпен сүйіншілеуін сұрауға тиіспіз.

Біздің асыл дінімізде уақыттың құндылығы жайында аз айтылмаған, ал Рамазан кезіндегі қымбат уақытты жоғалтпау аса маңызды. Қасиетті Рамазан айының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Мүбәрак а йдың соңғы он күнінен береке мен ризық, екі дүниелік бақыт іздеген әрбір мұсылманға мына керемет үш кеңесті ұсынамыз:

                                                           

  • Əр түні мүмкіндігіңізше садақа беріп жүріңіз. Сонда берген садақаңыз міндетті түрде Қадір түніне тура түскен болып шығады. 83 жыл, төрт ай күн сайын садақа берген адамдай боласыз.
  • Əрбір түні екі ракағат намаз оқыңыз. Қадір түніне сай келсе, 83 жылдан астам уақыт бойы əр түні намаз оқыған болып есептелесіз.
  • Əрбір түні «Ықылас» сүресін үш реттен оқыңыз. Құлшылығыңыз Қадір түніне дөп түскенде 83 жылдан аса уақыт күн сайын Құранды толық оқып шыққандай боласыз.

ummet.kz

Бөлісу: