26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазан айы – Құран айы

Рамазан айы – Құран айы

Ораза

Аса Рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын.

Жаратушы Хақ Тағала адам баласын ең кемел әрі көркем бейнеде жарата отырып, оны сансыз нығметтерге бөлеген. Бұған қоса, сол нығметтердің қадірін түсіндірсін, адамның әрі бүкіл болмыс атаулының жаратылыс мақсаты мен сырларын ұғындырсын деп әр қауымға өз елшілерін жіберіп отырған.

Ол елшілер өмірдің түпкі мәнін ұқтырып, жаратылыстың мақсатын ашып баяндады адамдарға ақиқатты дәріптеп, тура жоды нұсқады. Осы тура жол – Ислам діні. Ол ең алғашқы әрі ең соңғы дін. Алла Тағала осы дінін адамдарға Өзінің пайғамбарларына түсірген кітаптары арқылы жеткізді. Ислам дінінің соңғы кітабы – Құран. Алла Тағала оны соңғы елші хазретті Мұхаммед пайғамбарға түсірген. Алла бұл пайғамбардан өзге пайғамбарларларды белгілі елдерге жіберсе, осы соңғы елшісін қияметке дейінгі барша адамзатқа жіберді. Сол себепті Құран да өзі түскеннен кейінгі күллі адамзатқа жіберді.

Құран Кәрімді ақырзаманға дейін Алла Өзі қорғайды. Ол жайында Құран Кәрімде:

«Құранды біз түсірдік, қияметке дейін оны біз қорғаймыз»

Алла Тағала адамзат баласын ақылмен ардақтап, пендесі құр босқа ғұмыр кешіп, құмарын қандырып құрдымға кетпеуі үшін қасиетті Кітабын түсірді. Сол арқылы иелерін ең тура жолға бастады. Бұл туралы Құран Кәрімде:

إِنَّ هَذَا الْقُرْآنَ يَهْدِي لِلَّتِي هِيَ أَقْوَمُ وَيُبَشِّرُ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرًا كَبِيرًا

«Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді» («Исра», 9)

Құран – жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Алла Тағаланың өзгермес сөзі. Абай атамыздың хақ сөзі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас».

Қасиетті Рамазан айы – күллі мұсылман баласының алтын діңгегі, Алланың кәләмы шарапатты Құран Кәрім түскен ай. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 185 аятында, әуелі, Құран туралы сүйіншілейді:

«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді...»

Бұл аят мұсылман өміріндегі екі маңызды мәселеге нұсқайды. Біріншісі: Рамазан айы – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уахи келе бастаған ай және Құранның көп бөлігі Рамазан айларында түсірілген. Екіншісі: Рамазан айы басталуымен әрбір балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс мұсылманға ораза ұстау парыз. Ораза – адам баласының Жаратушысы Алла Тағаланың оған берген снасыз нығметі мен сыйы. Әр жылдың Рамазан айында Жәбрәил, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасиетті Құранды дұрыс, рет-ретімен жаттауын тексеретін.

Содан кейін Рамазан туған бойда ораза тұту жөнінде бұйырады. Міне, осыған байланысты, ғалымдар бұл айда әрбір мұсылман Құран Кәріммен дос болуды айырықша тапсырады. Рамазан осымен және көптеген ғажаптарымен ерекше. Қасиетті Құран – адамдарға тура жолды нұсқаушы, жүрекке нұр берушң және иманды нығаютудың бірден бір құралы екенін көрсетуде. Құранда айтылғанды ұғыну, амалдардың онда айтылған талаптарға сай болуы, адам баласының жаратылу мақсатына, адам денесінің табиғи сұраныстары мен жан талаптарына қарсы келмейді. Рамазан айында барлық мұсылмандарға ораза парыз болуының мәні – мұсылмандардың бойында ынтымақ сезімін тәрбиелеу, олардың ниет, талаптарын біріктіру, мансап және ұлтқа бөлінбестен бір уақытта бір құлшылықты орындау. Бұл өз кезегінде мұсылмандардың арасындағы өз-ара бірлік пен түсініушіліктің нығая түсінуінің кепілі.

Құран Кәрімнің әрбір оқылған әріпі үшін он сауап жазылады. Алла Тағаланың кәләмі көркем тілімен, бай өрнегімен, толық мағыналығымен арабтардың қлең-жыр, поэзиясына ұқсамайтын ғажайып құрылымымен ерекшеленетін мұғжиза. Егерде қасиетті кітаптың мазмұнынан бұл ерекшеліктердің біреуі ғана табылса, ол мұғжиза болмас еді. Себебі, арабтардың кей сөздері көркемдікпен, шешендікпен айтылғанымен, онда кемел мағына болмайтын. Немесе, ол өлеңдер көркем сөздермен мағына берсе, ғажайып құрылымы болмайды. Кей жағдайларда, ғажайып құрылымды болып, бірақ көркем сөз бен кемел мағына бере алмайтын. Құран осы ерекшеліктердің барлығын қамтитын – мұғжиза кітап.

Құран – өзінен алдын Алла Тағала тарапынан Адам, Шис, Идрис және Ибраһимге түсірілген иләһи парақтар мен Мұса, Дәуіт және Исаға уахи етілген кітаптардың соңғысы және қиямет күніне дейін бірде бір әріпі өзгермейтін Алла Тағаланың кәләмі.

Құран Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірден түсірілмеді. Ол кітап жиырма үш жыл бойына кейде толық сүре, кейде аяттар күйінде түсіріп отырды. Иман келтірген үшін Құран күні бойы аузынан тастамайтын дұғасына айналды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең соңғы құтпаларында мұсылмандарға Құранға берік болуды өсиет еткен.

Абдулла ибн Аббастың айтуынша, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығында адамдарға былай деді:

«Уа, адамдар! Мен сендерге егер берік ұстаңдар еш уақытта адайспайтын нәрсе қалдырып барамын, ол Алланың кітабы және Пайғамбардың сүннеті»

Құранның қасиетін айтып тауысу мүмкін емес. Құран оқыған және оны жаттаған адам жоғары дәрежеге жетеді.

Әбу Мұса риуаят еткен хадисте: «Құран оқитын мұсылман жеміс (апельсин) тәрізді. Оның исі жұпар әрі дәмі тәтті. Ал, Құран оқымайтын мұсылман құрма сияқты. Оның исі жоқ, бірақ дәмі тәтті. Ал, Құран оқитын мұнафиқ райхан гүлі сияқты. Исі жұпар болғанымен дәмі ащы. Ал, Құран оқымайтын мұнафиқ ханзала (бұрыш) сияқты. Оның исі де, дәмі де ащы» - делінген.

Барлық күрделі сұрақтың, түйіні шешілмеген мәселенің жауабы осы кітапта. Заман қалай құбылса да, жер бетінің кез келген бұрышында пайда болған мәселенің шешімі Құранда.

Алла Тағала баршамызға Құранға түсіп, Құранды оқып, жаттауға нәсіп етсін! Осы Қасиетті Рамазан айында уақытымызды Құранға бөлуге тырысайық!

Әйкерім Қайратқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: