26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Рамазандағы құлшылығы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Рамазандағы құлшылығы

Ораза

Оразаға тең келер құлшылық жоқ. Ораза – Алла Тағалаға жақындататын ең үлкен құлшылықтың бірі. Ораза бір жағы күнә жасамауда сабырлы болуға, екінші жағы ғибадат жасауда шыдамдылыққа тәрбиелейді.

Оразаның теңдессіз құлшылық екендігі жайлы Әбу Үмәма (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол маған «Ораза ұста, өйткені, оған тең келер құлшылық жоқ», - деді. Мен екі-үш рет қайталап сұрасам да «Ораза ұста, оған тең келер құлшылық жоқ», - деген жауабынан танбады» (Нәсаи, Сиям риуаят еткен). Құлшылықтың пайдалары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірген Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбетін де соны орындауға ынталандырған. Және бұл құлшылықты орындауда Өзі де басқаларға үлгі бола білді.

Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда басқа айлардағы құлшылықтарынан да көбірек құлшылық қылуға тырысатын. Ал Рамазанның соңғы он күнінде болса, Рамазанның басқа күндеріндегі құлшылықтарынан да көбірек ғибадат ететін. (Мүслим: «Иғтикаф», 8)

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанның соңғы он күнінде өзін толықтай ғибадатқа беруі Қадір түнін осы күндердің бірінде іздеуінен еді. Бұл он күнде Аллаһ Елшісі иғтикафқа кіріп, оңашаланып, құлшылықпен айналысқан. Отбасын да құлшылыққа оятып, бұл түндердің сауабы мен берекетінен құр қалмауға шақырған.

ummet.kz

Бөлісу: