26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намаз оқымаған адам ораза ұстаса бола ма?

Ораза

Сұрақ: Біреулер: «Намаз оқымастан ұстаған оразаң қабыл емес»-дейді. Мен намаз оқымаймын, бірақ ораза ұстағым келеді. Ораза ұстасам дұрыс бола ма?

 

Жауап: Адамдардың ішінде намаз оқымастан жыл сайын ораза ұстайтындар баршылық. Біреулер: «Намаз оқымастан ұстаған оразаң қабыл емес»,-деп жатады. Шыны керек, бұл сөздің ешбір қисыны жоқ! Себебі, шариғатта: «Намаз оқымаған адамның оразасы дұрыс емес»,-деген сөз жоқ. Бұл жағдайда ораза ұстаған адамды ісінен қайтармай, керісінше намаз оқуға ынталандырған жөн. Өйткені намаз да, ораза да тиісті уақытында орындалуы міндетті болған құлшылық түрі. Оған қоса Қияметте орындаған әрбір құлшылық үшін берілетін сауаппен қатар, орындамағаны үшін берілетін тиісті хақы да бар.

 

Бөлісу: