26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тарауих намазын үйде оқыса бола ма?

Ораза

Бұл елімізде әдетке айналған іс. Ал негізінде тарауих намазы жамағатпен мешітте оқылғаны абзал.

Әрине ауыл үлкен болып, жалғыз мешіт сонау бір шетте болса, жамағаттың, соның ішінде әсіресе қарттардың, тарауих намазын мешітке барып оқуы машақатты. Алайда, қаншама жамағат намазды мешітте оқуына мүмкіндігі бола тұрып, мәселен ауызашар мешіттің жанындағы үйде жасалған уақытта, намазды үйде оқып жатады?! Сондай жағдайда намаздың мешітте оқылғаны жамағат үшін де, ауызашар жасаған үй үшін де сауап емес пе?

Негізі шариғат бойынша, тек тарауих намазы емес, бірінші мәселеде бес уақыт намаз мешітте оқылуы тиіс. Имамдар ораза уақытын пайдаланып жамағатты мешітке келтірсе, дұрыс емес пе?! Ал бұл өз кезегінде жамағат намазын мешітте оқуға дағдыландырмай ма?

 

Бөлісу: