26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Ораза ұстасам ба?» деймін

Ораза

Сұрақ: Біреулер оразаға алдын ала дайындалып, Рамазанның бірінші күнінен ауыз бекіте бастаса, біреулер оразаның біршама күндері өткеннен кейін: «Ораза ұстасам ба екен?», - деп ойлана бастайды. Осы жағдайда не істеген дұрыс?

 

Жауап: Әрине: «Ештен кеш жақсы» демекші, ораза ұстауы міндетті бола тұрып, ауыз бекітпегені үшін тәубе етіп, ораза ұстағаны абзал! Ал қаза болған күндерін келесі оразаға жеткізбестен өтейді. Біреулер: «Биыл енді ораза басталып кетті. Келесі жылдан бастап ауыз бекітемін»,-дейді. Бұл мүлдем дұрыс емес. Себебі, біріншіден: келесі жылға дейін кім бар, кім жоқ? Оны бір Аллаһ Тағала біледі! Екіншіден: келесі жылы: «Келесі жылдан бастап ауыз бекітемін», - деген әңгіме болмасқа кім кепіл?! Ал өтелуі тиісті болған оразаның парыз күндері мойынға қарыз болып жинала береді.

Бөлісу: