25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Оразаның кезінде ұмытып ішіп-жесе не болады?

Ораза

Сұрақ: Оразаның кезінде ұмытып ішіп-жесе не болады?

 

Жауап: Бұл мәселенің шешімі: Расулулла (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Сендерден оразада ұмытып iшiп-жеп қойған адам оразасын толықтырсын. Бұл – Алла Тағаланың оны тамақтандырып, сусындатқаны».[1]

Ораза кезінде ұмытып бірдеңені жеген адам ораза екені есіне түскен сәтте ішіп-жеуден тыйылып, оразасын жалғастырады әрі сол күнін қаза етіп өтемейді.

Біреудің ұмытып тамақтанып жатқанын көре тұрып оны ескертпеу мәкрүһ тахримге жатады.[2]


[1]хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Бухари риуаят етті. («Сахихүл-Бухари»)

[2]яғни, харамға жақын. «Тахрим» сөзі «тыйым салынған» деген мағынаны білідреді. Шариғатта «тахрим» деп харамға жақын амалды айтады. Мысалы, үтір уәжіп намазын оқымау. Мәкрүһ тахримнің үкімі: оны істеуші харамды істегендей болып, жазаға лайық болады. («Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи»)

Бөлісу: