01
Жұма,
Қараша

һижри

31. Жамағат намазына үзірсіз қатыспаудың үкімі

Ораза

 

Үзірсіз намазын жамағатпен оқымаған адам белгілі дәреже-де күнәлі болады.[1]

Ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Азанды естіп тұрып мешітке үзірсіз бармағанның намазы қабыл емес»,-деді. Сахабалар (родиял-лаһу ъанһум): «Мешітке бармауға не нәрсе себеп бола алады?»,-деп сұрағанда, ол: «Қорқыныш немесе ауру»,-деп жауап берді».[2]

Көпшілік мәселесіне келер болсақ, бір елді мекеннің не болмаса бір мешітке қарасты адамдары жамағат намазынан бәрі бірдей бас тартса, олардың жамағат намазына қатысуына қатысты үкім етіледі. Бұған бойсұнбаған жағдайда шариғат бойынша оларды жамағатқа күштеп болса да келтіруге рұқсат. Себебі, жамағат – Исламның белгісі және дін нышаны болып табылады.[3]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[2]«Сунәну Әби Дауд».

[3]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Бөлісу: