01
Жұма,
Қараша

һижри

30. Жамағат намазының артықшылығы

Ораза

 

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:

 «Жамағатпен оқылған намаз жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе абзал».[1]

 «Мешітке тек намаз оқу мақсатында барған адамның намазы, үйінде немесе базарда оқыған намазынан жиырма бес есе артық. Ол дәретін кемшіліксіз алып, мешітке тек намаз оқу үшін бара жатқан уақытта әр қадамы бір күнәсін кетіріп, дәрежесін бір сатыға көтереді. Ол намаз оқып болғаннан кейін мешіттен шықпай отырған уақыт бойы уақытта періштелер: «Уа, Тәңіріміз! Бұл пендеге игілігіңді нәсіп ет! Я, Тәңіріміз! Оны рахметіңе бөлей гөр!»,-деп дұға етеді. Ол адам ерте келіп намаздың басталуын күткен уақытта да намаз оқығанның сауабын алады»,-деді».[2]

Абдуллаһ ибн Масъуд (родиял-лаһу ъанһу) айтады:

 «Қиямет күні Хақ Тағаламен мұсылман болған халде жүздескісі келген адам намазын азан айтылған жерде[3] оқысын. Себебі,Алла Тағала сендердің Нәбилеріңе (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тура жолға бастайтын істерді бұйырды. Ал жамағат намазы – соның бірі. Кейбіреулер тәрізді намаздарыңды үйлеріңде оқысаңдар Нәбилеріңнің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннәтін тастаған боласыңдар. Ал Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) сүннәтін тастасаңдар, тура жолдан адасасыңдар. Пенде дәретін дұрыс алып мешітке барса, Хақ Тағала оның әрбір қадамына бір игілік жазады. Оның дәрежесін бір сатыға көтеріп, бір қатесін өшіреді. Біздің кезімізде[4] жамағат намазына анық мұнафық (екіжүзді) болған немесе жүруге шамасы келмеген науқас қатыспайтын. Болмаса Расулуллаһтың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) дәуірінде мұнафықтардың[5] өзі жамағатты тастауға батылы бармайтын. Тіпті біреуге сүйеніп келе алған жағдайда, ауру адамның өзі сапқа тұратын».[6]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Сахихүл-Бухари».

[2]«Сахихүл-Бухари».

[3]яғни, мешітте.

[4]яғни, Расулуллаһтың с.ғ.с. көзі тірісінде.

[5]мұнафық – сөзі ісімен сай келмейтін екіжүзді.

[6]«Сахихүл-Муслим».

Бөлісу: