25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

28. Жамағат намазының үкімі

Ораза

Біріншіден: ер әрі азат[1] адам намазын жамағатпен оқуына кедергі болмаған жағдайда, бес уақыт намазын жамағатпен оқуы – сүннәт муәккәда. Бұл үкім уәжіпке жақын. Кейбір ғалымдар намазды жамағатпен оқуды уәжіпке жатқызса, Имам Тахауи жамағат намазын парыз кифая[2] деген.[3]

Екіншіден: жоғарыда айтылғандай тарауих намазын жамағатпен оқу – сүннәт кифая.[4]

Үшіншіден: Рамазан айында оразаның құрметіне үтір намазын жамағатпен оқу – мустахаб. Сонымен қатар, «кусуф намазын»[5] жамағатпен оқу да мустахабқа жатады.[6]

Төртіншіден: әйелдер жамағат болып, бірі имамдыққа өтіп намаз оқуы – мәкрүһ.[7]

Бесіншіден: жұма және екі айт намазын жамағатпен оқу – намаз дұрыс болудың шарттарына жатады.[8] Яғни, жамағатсыз оқылған жұма және айт намазы намаз емес.

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]яғни, құлдықта болмаған.

[2] парыз кифая – мұсылмандардың бір бөлігі орындаумен міндеттілігі басқалардың мойынынан түсетін амал. Мысалы, жаназа намазы.

[3]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға», «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[4]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[5]кусуф намазы – күн немесе ай тұтылғанда оқылатын намаз.

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[7]Бұл да сонда.

[8]Бұл да сонда.

Бөлісу: