25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

27. Тарауих намазын жамағатпен оқу мәселесі

Ораза

Жоғарыда тарауих намазын жамағатпен оқу жайында бірша-ма айтылған болатын. Сол айтылғанмен шектелсек те жеткілікті болар ма еді? Дегенмен, жамағат мәселесі тарауих намазына қа-тысты болу себебінен жамағатқа қатысты шарғи үкімдерді қысқа-ша түрде болса да әңгіме етсек дұрыс болады деген ойдамыз.

 

Әңгімені «жамағат» сөзінің түсініктемесінен бастасақ. «Жамағат» сөзінің тілдік мағынасы: топ, көпшілік. Шарғи мағынасы: имам мен оған ұюшының намазы бір болуы.[1]

Күнделікті бес уақыт намазда жамағат болу үшін имамнан тыс бір адам болғаны жеткілікті. Әрі имамға ұюшы ер, әйел, сәби, азат немесе құл болуы мүмкін. Бұл мәселеде намаз қай жерде оқылатыны назарға алынбайды.[2]

Жұма намазы мәселесіне келер болсақ, имамнан басқа ең азы үш кісілік жамағат болуы жұма намаздың шартына жатады.[3]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[2]Бұл да сонда.

[3]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға», «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Бөлісу: