25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жүйелі орындалатын құлшылық жалғасын табады

Жүйелі орындалатын құлшылық жалғасын табады

Ораза

«Көпшілік мұсылмандар Алла Тағаланың рахымымен шайтандардың үлкендері  құрсауланған  осы ұлы айда құлшылық-ғибадат жасауда өте зор ынта танытып жатады. Керісінше, жыл бойы Аллаға құлшылық жасамай, Рамазанда ораза ұстап, намаз оқитын адамдар да бар.

Нахыл» сүресінің 92-аятында Алла тағала: «...жібін мықтап иіргеннен кейін  (қайта) тарқатқан әйел сияқты болмаңдар...» -деді.

Үнемі, үздіксіз орындалатын амалдардың сауабы арагідік істелетін амалдардың сауабына қарағанда көбірек болатыны туралы имам Ән-Нәуәуи былай деп қалам тербеген: «Аз да болса үнемі орындалатын амалдар арқылы Аллаға бойсұну жалғасын табады. Бұл Алланы еске алу, Оның бақылауын сезіну, Оған ықылас қою және Оған қарай бет бұру арқылы болады. Ал көп әрі қиын амалдар үзіліп, тоқтап қалуы мүмкін. Тіпті үнемі орындалатын аз амалдар дами келе арагідік орындалатын көп амалдардан бірнеше есе асып түседі», – деп айтқан.

Құлшылықты тұрақты орындаушылар орындамаған құлшылықтарына да сауап алады. Құлшылықты тек Рамазанда ғана емес, үнемі тұрақтылықпен, ұқыпты орындайтын адамдар белгілі бір орынды себеппен құлшылықтарын орындай алмай қалса, Алла тағала оған амалдарын уақытылы орындағанның сауабын жазады.

Абу Муса аль-Ашъари, (оған Алланың ризашылығы болсын) жеткізген хадисте Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  "Алланың құлы ауырса, не сапарда болса, оған, әдетінше, үйінде болып сау кезінде орындайтын бүкіл амалдары жазылады (яғни ол орындай алмаса да)"-деді. Аль-Бухари, Муслим.

Ал Омар ибн аль-Хаттабтан  (оған Алланың ризашылығы болсын) жеткен хадисте Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Кімде-кім әдетінше түнде оқитынының бәрін, не бір бөлігін оқи алмай ұйықтап кетсе, бірақ онысын (алдағы күннің) таң намазы мен бесін намазының арасында оқып шықса, онда оның бұл амалы түнде жасаған ретінде жазылады"- деді. (Муслим).

материал «Ислам діні» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: