25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

19. Оразаның мәкрүһтері

Ораза

 

Оразада мәкрүһ болған, яғни шариғат бойынша жек көрінішті амалдарға мына іс-әрекеттер жатады:

1. Әлсірететіндей көлемде қан алдыру.[1]

2. Қажетсіз бір нәрсенің дәмін көру.[2] Тамақ пісіретін адам тілімен тамақтың дәмін көрсе болады.

 

3. Бір нәрсені шайнау. Мәселен, созылмалы, қатты сағызды. Ал ұнтақталатын нәрсені шайнағаннан ауыз ашылып, оразаның қазасын өтеу міндетті болады.[3]

4. Күн батқаннан кейін ауыз ашуды кешіктіру.[4]

5. Түкірікті жинап жұту.[5]

6. Шәһуетін тежей алмайтын адамның, мысалы ері әйелін сүйіп, құшақтауы.[6]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 

 



[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[2]Бұл да сонда.

[3]Бұл да сонда.

[4]Бұл да сонда.

[5]Бұл да сонда.

[6]Бұл да сонда.

Бөлісу: