25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

12. Қазамен бірге кәффарат міндетті болу шарттары

Ораза

Жоғарыда қазамен бірге кәффарат міндетті болудың негізгі себептерін айттық. Ендігі кезекте бұл мәселенің шарттары әңгіме етіледі. Ол:

1. Ораза ұстаған адам балиғатқа жеткен[1] жеткен болу.[2] Балиғатқа жетпеген балаға ол ораза ұстап тұрып, ішіп-жеген жағдайда қаза да, кәффарат та міндетті болмайды. Себебі, жасы балиғатқа жетпеу себебінен оған ораза ұстау парыз емес.[3]

2. Ораза ұстауға түннен ниеттенген  жағдайда.[4] Оразаны таң атқаннан күн тал төбеге келгенге дейінгі аралықта ниеттеніп, кейін қасақана ішіп-жесе немесе жақындасса тек сол күннің қазасын өтейді. Кәффарат міндеттелмейді.[5]

3. Шариғатта ауыз ашқанға рұқсат етілетін үзірлі жағдайдан бұрын ауыз ашқан жағдайда.[6] Бұған мысал ретінде жоғарыда айтылған ораза кезінде жол жүретін адамның мәселесін келтірсе болады.

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

 



[1] яғни, шариғат талаптарын орындауы міндетті болатын жасқа жеткен ақыл-есі дұрыс мұсылман. Шариғат бойынша ер бала 12 жас шамасында, ал қыз бала етек кiр келген мезгiлден бастап балиғат жасына толған болады. Бала балиғат жасына толысымен мойнына iстеген iсiнiң жауапкершiлiгi жүктеледі. Осы себептен балиғат жасына толғаннан бастап әрбiр мұсылман Аллаһ Тағала бұйырғанын орындауы тиiс.

[2]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[3] «Ораза парыз болудың шарттары» тақырыбын қараңыз.

[4]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[5]«Әл-фиқһу ъаләл-мазаһибил-арбаға».

[6]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Бөлісу: