26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма намазының парыздығы Құран мен сүннетке сүйенеді

Жұма намазының парыздығы Құран мен сүннетке сүйенеді

Намаз

Құраннан дәләл:

«Ей, иман еткендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда жасауды сол уақытта доғарыңдар».

Сүннет дәлеліне келсек: Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жұма азанын естіген жандарға – жұма намазы парыз.

Жұма намазының парыздығының шарттары:

Жұма намазының кімге парыз екені жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аллаға және ақырет күніне сенгендерге – жұма намазы парыз. Бірақ жолаушы, құл, бала, әйел және науқастар бұдан тыс». Яғни бұлардан басқа барлық мұсылмандарға жұма намазы парыз.

1. Ер кісі болу: Жұма намазы әйелдерге парыз емес. Бірақ намазды мешіттегі жұма жамағатына қатысып, оқыған жағдайда қайтадан бесін намазын оқу қажет емес.

2. Азат болу: Азаттығы болмаған тұтқын мен қапаста жатқандарға жұма күні бесін намазын жұманың орнына оқулары жеткілікті.

3. Жергілікті тұрғын болу: Жолаушыға жұма намазы парыз емес. Себебі, жолаушыда жалпы жол қиыншылықтары бар. Оған жеңілдік жасалған.

4. Науқас немесе белгілі себептер болмау: Намазға барса, ауруының асқынуынан қорыққан жандарға – жұма намазы парыз емес. Сол секілді науқасқа қараушы, әлсіз кәрі, көзі көрмейтін, мүгедек және кезектегі сақшылар секілді себебі болғандарға бесін намазы жетіп жатыр. Бірақ жұма намазын оқи алса, бесін намазын оқудың қажеті жоқ.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: