26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма намазының жеті әдебі

Жұма намазының жеті әдебі

Намаз

Жұма намазының жеті әдебі:

1. Жұма күні ғұсыл құйынып, тырнақ алу және дәрет алып болғаннан кейін иіссу себініп, таза киім кию.
2. Шикі сарымсақ және пияз жемеу, темекі тартпау, тісті мисуакпен не тіс пастасымен тазалау. Яғни мешітке барғаныңда денеңнен, киіміңнен және аузыңнан жағымсыз иістің шықпауын қадағалау.
3. Мешітке кірген соң оған сәлем ретінде екі ракағат намаз оқу.
4. Содан кейін үндемей отырып, имамның құтпасын тыңдау.
5. Ниет етіп, жұма намазының екі ракағат парызын имамға ұйып оқу.
6. Жұманың парызынан кейін, мешітте төрт немесе үйде екі ракағат сүннет намазын оқу. Негізі сүннет және нәпіл намаздарын үйде оқыған абзал.
7. Пайғамбарымызға (с.а.с.) көп салауат айту. Өйткені аптаның басқа күндеріне қарағанда жұма күні Салауатты көбірек айту керек. Аллаға көп дұға жасап, жалбарыну. Өйткені Алла елшісі (с.а.с.): «Жұмада бір сәт бар, егер мұсылман пенденің дұға- тілегі сол уақытқа тура келсе, оны Алла қабыл етеді», – деп айтқан.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: