26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазда екі жаққа сәлем беру мәселесі

Намазда екі жаққа сәлем беру мәселесі

Намаз

Намазды аяқтар кезде оң жағына, содан соң сол жағына «әссәләму аләйкум уә раһматуллаһ», деп, сәлем беру – уәжіп.

Сәлем бергенде иығыңа мойын бұру – мұстахаб. Әзіреті Әлінің риуаят етуі бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Намаздың кілті – дәрет, тахримі (намазға бастағанда одан тыс әрекеттерден тыйылу) – «Аллаһу әкбәр» деумен басталады, сәлем берумен бітеді, – деген.

Тирмизидің сүнәнында риуаят еткен сахих хадисте саха «Пайғамбарымыз (с.а.у.) оң жағы мен сол жағына «әссәләму алейкум уә раһматуллаһ, әссәләму алайкум уә раһматуллаһ», деп, сәлем беретін».

Имамға ұйыған кісі имамнан бұрын сәлем бермейді. Имаммен бірге немесе одан кейін сәлем береді.

Сахаба Итбан ибн Мәлік (р.а.) былай дейді: ба Абдулла ибн Масғұд былай дейді: «Пайғамбарымызға (с.а.у.) ұйып (артында) намаз оқығанымызда ол кісі сәлем берген сәтте біз де сәлем  беретін едік».

материал «Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: